Көшелер құрылысы зерделенді

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылармен бірге Түркістан қаласында атқарылып жатқан жол жөндеу жұмыстарымен танысты. 

– Бірінші кезекте, қалалық маңызы бар жолдарды реттеуіміз керек. Ескі қала аумағындағы ішкі жолдарды да назарға алған жөн. Тұрғындардың жолдың сапасына байланысты наразылығын жиі естимін. Жол құрылысын қолға алған мердігерлер мен оның сапасын қадағалаушы мекемелер тиісті деңгейде жұмыстарын атқарсын, – деген өңір басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Қала әкімі тарапынан Ж.Майкотов және Тәуке хан көшелері аралығына жол салу бойынша ұсыныс айтылып, жобасы таныстырылды. Бұл жолдың ұзындығы 1,47 шақырымды құрайды. Жобаны биыл іске асыру жоспарлануда. 2020 жылы жасалған жобаның сметалық құны 832,06 млн. теңге болған. Түзетуден кейінгі оның құны қымбаттаған. Жоба қайта мемлекеттік сараптамадан өткізілуге ұсынылды. 
Түркістан қаласындағы «Ясауи» тұрғын үй кешенінің құрылысы да аяқталуға жақын. Жаңа тұрғын үйден 88 отбасы пәтер алады. Облыс әкімі тұрғын үй сапасына баса назар аударуды, құрылысты кестеге сәйкес аяқтауды тапсырды. 
Пікір қалдырыңыз