Алғыспен ел көгереді

Қадірлі ағайын!

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күні – мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Өзара құрмет пен сыйластықты, қамқорлық пен жанашырлықты, ауызбіршілік пен достықты дәріптейтін мейрам. Шуақты көктемнің осынау ізгі күнмен басталуы жанға жылу, жүрекке мейірім ұялатады.

Бұл мерекенің маңызы туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-санасында берік қалыптасқан достық, қайырымдылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі. Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады» деген болатын.

Өткен ғасырда қиын-қыстау шақта өзге ұлт өкілдеріне жанашырлық танытқан халқымыз бүгінде алғысқа бөленіп отыр. Қазіргі таңда өңірде 50-ден аса этностың өкілдері бір шаңырақ астында татулықта өмір сүріп жатыр. Түркістан облысында мемлекеттің өркендеуіне үлес қосып, қазақстандық толеранттылық үлгісін көпке дәріптеуде 11 этномәдени бірлестік жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен облыс орталығында «Достық үйі» ғимаратының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ғимаратты биыл пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

Өңіріміздің еңбекқор тұрғындарына Түркістан облысының дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғысымды білдіремін.

Тәуелсіз еліміз береке мен бірлікте болсын! Әр шаңырақта шаттық орнасын!



Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз