Қазақстан Президенті Қатарға мемлекеттік сапармен барды
Қазақстан Президентін Дохадағы «Хамад» халықаралық әуежайынан Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен және Премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Президент қазақ-қатар инвестициялық «дөңгелек үстел» мәжілісіне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.