Қай шаруашылқта қандай жетістік бар?

Түркістан облысындағы ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы туралы айтар болсақ, өткен жылы бұл салада біршама өзгерістер орын алды.

Өткен жылғы он екі айда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 1158,7 млрд. теңгені, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімі 681,7 млрд. теңгені, мал шаруашылығы өнімі 469,6 млрд. теңгені және ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер 1,3 млрд. теңгені құрады.

Салыстырмалы түрде айтқанда, яғни 2022 жылы бұл саладағы жетістіктің нақты көлем индексі 102 пайызды құраған екен. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 101,9 пайыз, мал шаруашылығы 102 пайыз, ауыл шаруашылығы саласындағы қызметтер  100 пайыз көрсеткішке ие. Аудандар кесіндісінде ең жоғарғы нақты көлем индексі Сарыағаш (110,2%), Сауран (106,1%) аудандарында құрады. Сонымен қатар, 2022 жылдың деңгейінен төмен нақты көлем индекстері Келес және Түлкібас (99,7%), Арыс қаласы (97,7%), Отырар (96,3%) және Шардара (96%) аудандары қалыптасты.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің шығарылымының жалпы көлеміндегі едәуір үлесі Сайрам (12,1%), Сарыағаш (11,7%), Жетісай (10,2%) және Сауран (8,8%) аудандарына тиесілі.

Осылайша бұл салада да айтарлықтай жетістіктер бар.

Алтынай ӘМІРОВА,  

ҚР Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігі

Ұлттық статистика бюросының

Түркістан облысы бойынша департаменті  

Ауыл шаруашылығы статистикасы

басқармасының басшысы. 

Пікір қалдырыңыз