2024 жылы 3 мың адам әскери жиындарға шақырылады
Еліміздің Қорғаныс
министрлігі «Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылға әскери дайындыққа шақыру
туралы» бұйрық дайындады. Құжатта биылғы жылғы әскери дайындықтан өтуге тиіс
3 000 адамды шақырту көзделгені жайлы хабарланды.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелді. Бұл бұйрық жобасы 23 қаңтарға
дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылды.
Еске салсақ, 2022 және 2023 жылдары 1500
азаматты әскери жиындарға шақыру хабарланып, тамыз – қазан айлары аралығында
әскери жиындарға 300-ден астам адам тартылды. Қорғаныс министрлігінің
хабарлауынша, әскери жиын кезінде оған шақырылған азаматтың жұмыс орны,
лауазымы, орташа айлық еңбекақысы сақталады. Ал әскери жиын аяқталған соң,
азаматтар біліктілігін растау үшін емтихан тапсырады.