Жоғары оқу орындары жайлы мәлімет

оқу, мәлімет
Статисика
Жоғары оқу орындары жайлы мәлімет
2023/2024 оқу жылының басына жоғары
білімді мамандарды дайындауды екі жоғары оқу орындары жүзеге асырды.
Мамандарды
дайындауды 882 оқытушы, оның ішінде 43 - доктор ғылыми дәрежесі барлар, 252 -
ғылым кандидаттары, 47 - профессор атағы барлар, 122 - доценттер жүргізеді.
Ағымдағы
оқу жылында оқуға 3063 адам қабылданды, бұл 2022/2023 оқу жылымен салыстырғанда
17,4% артты. Қабылданғандардың жалпы санынан 37,7%
ақылы оқыту қызметі негізінде, 62,3% - білім гранттары есебінен білім алады.
Жоғарғы оқу мекемелеріне қабылданғаны
және бітіргені
мың адам
Студенттердің жалпы саны 2022/2023 оқу жылымен
салыстырғанда 7,4% артық болып 10787 адамды құрады, оның ішінде 61,4% -
әйелдер. 2023/2024 оқу
жылында мемлекеттік білім беру гранты бойынша 6492 адам немесе 60,2% оқиды,
ақылы білім беру қызметін 4295 адам немесе 39,8% білім алушылардың жалпы
санынан.
|
2023/2024 оқу жылының басында 10052 адам немесе студенттердің жалпы санының
93,2% Қазақстан Республикасының тұрғындары, 546 адам немесе 5,1% ТМД елдерінен
және 189 адам немесе 1,8% алыс шет елдерден келді. Студенттердің ең көп саны
Өзбекістаннан (2%) және Түркиядан (1,1%) келді.
2023/2024
оқу жылының басына даярланған мамандар саны 1949 адамды құрады.
А. МАНСУРОВА,
ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы
бойынша департаменті
Әлеуметтік және демографиялық статистика
басқармасының бас маманы.