Бірнеше мектеп пайдалануға берілді

Түркістан облысында биыл мемлекет есебінен 33 мектептің құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда осы 33 мектептің 7-еуі тапсырылса, жыл соңына дейін тағы 13 мектеп пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 6 230 оқушыға шақталған 35 жекеменшік мектеп пайдалануға берілмек. 
t Тәуелсіздік күні қарсаңында Келес ауданындағы Абай атындағы №46 жалпы білім беретін мектептің 300 орынды қосымша жаңа ғимараты пайдалануға берілді. 
t Ордабасы ауданы, Аққойлы ауылында 100 орынды «Ақбастау» атындағы жалпы орта мектебінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихат депутаттары Дулат Әбіш пен Ғани Райымбеков қатысып, ауылдастардың қуанышын бөлісті. 
t Шұбар ауылдық округіне қарасты ауылдағы бұрынғы мектеп ғимараты апатты жағдайда болғандықтан, облыстық бюджет есебінен жаңа нысанның құрылысы басталған еді. Бүгінде бұл мектепте заман талабына сай жабық спорт залы, медициналық кабинет, оқу залы, IT кабинеті, асхана, ашық спорт алаңшасы бар. Жалпы ауданда 72 мектеп болса, бүгін соның қатары тағы бір білім ұясымен толықты. Биыл жаңа оқу жылында Ордабасы ауданында 300 орынды С.Мұқанов мектебі, 200 орынды З.Исабеков мектебі және де Бадам ауылы, Орда шағынауданынан жекеменшік «Ұлы Орда» мектебі пайдалануға берілген болатын. Сондай-ақ, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2023-2025 жылдар аралығында ауданда тағы 5 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
t Төлеби ауданында «Шомшақты» жалпы орта мектебінің жаңа ғимаратының ашылу салтанаты өтті. Мұнда 220 оқушы екі ауысымда білім алады. Жүз орынды мектептің ескі ғимараты бір қабатты жапсарлас екі оқу корпусынан тұрады. Мектептің жаңа оқу корпусы 150 орынды. Мектепте оқу блогы, асхана, шеберхана, спорт залы және әкімшілік бөлмелері бар. 
t Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Нұрлы жол елді мекеніндегі А.Омаров атындағы №50 мектептің 300 орынды жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Айта кетсек, аталған мектептің бұрынғы ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты былтыр жаңа мектептің құрылысына қаржы бөлініп, мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары сапалы аяқталды. Бүгінгі таңда 300 оқушыға арналған мектепте оқушылардың алаңсыз білім алуына барлық жағдай жасалған.
Түркістан облысында 1032 мектепте 520 мыңдай шәкірт білім алады. Жалпы, 80 мыңнан астам педагог қызмет атқарады. Президентінің Жолдауларындағы тапсырмаларға сәйкес, апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін шешу мақсатында өңірде кешенді жұмыстар жүргізілуде. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 2023-2025 жылдар аралығында жобалық қуаттылығы 49 000 орынды 63 мектеп салынады.
Пікір қалдырыңыз