2024 жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі?

Келесі жылдан бастап елімізде бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы өседі. 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырған болатын. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді екен.

Бұл мақсатқа – 3,5 трлн. теңге

Премьер-министрдің орынбасары –Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ҚР Парламентінің Мәжілісінде «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын таныстырған еді. Үкімет мүшесі халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыспен қамту үшін 2024 жылға 3,5 трлн. теңге көзделіп отырғанын атап өтті.
– Оның ішінде 1,5 миллионнан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге 2,5 трлн. теңге қарастырылған. Өңірлік жұмыспен қамту карталарына 724 млрд. теңге көзделген. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 100 млрд. теңге бөлініп, 18 мыңға жуық жұмыс орнын ашу болжанып отыр, –деді Жамаубаев.
Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсетуге шамамен 380 млрд. теңге көзделген, бұл 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Тәрбиеші, ғалым, орманшы...

2024 жылы балабақша тәрбиешілерінің жалақысын 30 пайызға көтеру үшін бюджеттен 96 миллиард теңге қарастырылған. 242 миллиард теңге ғылымды қаржыландыруға бағытталмақ. Бұл 616 жетекші қазақстандық ғалымның жалақыларының көбеюіне септігін тигізбек.
Мемлекеттік табиғи және орман қорғау қызметкерлеріне қосымша ақы төлеуге 15 млрд. теңге көзделген. 
Сондай-ақ, олар азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің жекелеген санаттары мен жоғары әскери оқу орындары оқытушыларының жалақысын көтеруді жоспарлап отыр.
Жалпы, энергоблокқа 2,6 триллион теңге көлеміндегі шығындар енгізілген.

Азаматтық қызметкерлердің де айлығы көбейеді

Еңбек министрлігі азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесіне өзгерістер енгізу туралы Үкімет қаулысын дайындады. Атап айтқанда, біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылған.
Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру, жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі. Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.
Коэффициенттердің ұлғаюы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының 85 мың теңгеге дейін көтерілуіне байланысты қарастырылған. Еңбек заңнамасына сәйкес бірінші разрядты жұмыскердің еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде көзделген айлық жалақысының ең төмен мөлшері айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмауға тиіс. Қаулы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Су мұраптары да құр қалмайды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап су саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орта есеппен 25%-ға ұлғаяды. Су ресурстары және ирригация министрлігі тиісті шараларды әзірлеп жатыр. Бұдан бөлек, Қазақстанның әр өңірінде су ресурстарын бөлу және оны пайдалануды бақылау мәселелерімен айналысатын бөлімдер пайда болады.
– Су саласында қызмет етудің тартымдылығын арттыру қажет, еңбекақыны көтеру – осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі. Әрине, жұмыс істеп жүрген кадрларды салада ұстап қалып қана қоймай, уақыт талабына сай мамандардың жаңа толқынын даярлау да маңызды. Министрлік тиісті ұсыныстар енгізу бойынша жұмыс істеп жатыр, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Журналистердің жалақысы өседі

Мемлекеттік БАҚ құралдарында еңбек ететін қызметкерлердің айлығы да өседі. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов хабарлады. Мемлекеттік БАҚ-та жұмыс істейтін журналистердің 2024 және 2025 жылдары жалақысы көбейеді. Биыл 30 пайызға, келесі жылы да 30 пайызға, ал, 2025 жылы 20 пайызға көбеймек.

Кеншілер төлемақы алады

Келесі жылдан қауіпті өндіріс орындарында жұмыс істейтіндер әлеуметтік төлем алады. Жаңа заң жобасын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірледі. Бұл металлургия, энергетика, тау-кен секторындағы жұмысшыларға қатысты. Төлемақы 55 жасқа толғандарға 200 мың теңге көлемінде беріледі. Кеншілердің жалақысы да өсуі мүмкін. Ең төменгі жалақы 300-400 мың теңге шамасында болады. Ал, бүгінде қауіпті өндіріс орындарында 490 мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Дайындаған Серікқали ЖЕКСЕНБАЕВ.

73 пікір

  • Аааа
    Аааа

    Ұйымдастырушы педагог,психолог,тәлімгер жылда қалып кетеді.Оклад мардымсыз

  • Аааа
    Аааа

    Ұйыидастырушы педагог,психолог, тәлімгер неге қосылмайды.Жылда қалып кетеді.Оклад мардымсыз

  • Баршанова М
    Баршанова М

    Қосымша білім беру педагогтарының айлығы кашан көбейеді екен.Азаннан кешке дейін жүреміз одан калса қосымша жұмыстарда жетерлік

  • Сұлтан
    Сұлтан

    Мектептегі әлеуметтік педагогтың айлығы қашан көбейеді екен, жұмысы болса көп айлығы мардымсыз. Неге үкімет басында отырғандардың айлықтарын азайтпайды сонда ұстаздардың мәселесін түсінетін еді......

  • Marzhan
    Marzhan

    Қайырлы күн! Жалпы бала бақшадағы тәрбиеші көмекшілердің де айлықтары өте аз, сонымен қатар ауыр. Талаптары өте көп, ішкі саясаттары құлаққа кірімсіз. Басшылық қайда қарап отыр

  • Амангуль
    Амангуль

    Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының оңалту орталықтарында жұмыс жасайтын тәрбиешінің айлық жалақысы неге қосылмайды?

  • Акпарова Жамила
    Акпарова Жамила

    Сушы мүраптардың айлығы 2024 жыл 1 қаңтарда дымда қосылған жоқ енді 2025 жыл айлық осемекен жоқ қур ауызда айтылып қалаберемекен 98 мың айлық алады оған қалай бала шаға бағасын

  • Дилдора
    Дилдора

    Тәрбиешілердің айлығы өте аз 3 жыл 30 пайыз көбейтседе арзидығой. Барлық ақшасы дидактикалық ойындарға кетеді.

  • Маржан
    Маржан

    Мектепте іс жүргізуші қандай категориямен есептеледі егер педагог дипломы болса. Зарплата неге аз

  • Асик
    Асик

    Мектептегі шаруашылык менгерушилеринин жалакысы неге аз жумысшылармен бирдей акша алады жауапкершилик көп айлык косылама

Пікір қалдырыңыз