ШЕКАРА АКАДЕМИЯСЫ АЗАМАТТАРДЫ 6 АЙЛЫҚ КУРСҚА ШАҚЫРАДЫ!

Курс аяқталған соң азаматтар 100 пайыз жұмыспен қамтылады.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілі, капитан Ерсайын Хамитовтың айуынша, ҰҚК-не қарасты Шекара академиясы ел азаматтарын 6 айлық оқу курсына қабылдайды. Курс 2024 жылдың 1 наурызы мен 1 қыркүйегі аралығында өткізіледі деп жоспарлануда.

Курсқа қабылдау талаптары - ҚР азаматы болуы, қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, мамандығы жоғарғы білімі болуы керек. Мамандығы бойынша орташа балы GPA шкаласы бойынша 2,67-ден жоғары, жас ерекшелігі 30-ға дейін болуы шарт. Сондай-ақ, әскери билет, яғни мерзімді әскери қызметін атқарған болуы тиіс.  

Оқу курсында төрт бағыт қарастырылған. Олар: тәрбиелік және идеологиялық, шекаралық бақылау, байланыс және ақпараттық технологиялар, материалдық және техникалық қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, оқу барысында үміткерлер жатын орын, киім және күнделікті тамақпен қамтамасыз етіледі. Курс аяқталған соң азаматтар 100 пайыз жұмыспен қамтылады. Оқуды сәтті аяқтаған түлектердің кемінде 300-350 мың теңге жалақы алатын жұмысқа орналасуына мүмкіндіктері бар.

«Оңтүстік»-ақпарат.

 

Пікір қалдырыңыз