Азаматтар да, қазанаттар да сынға түсті

17 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 12-кезеңі Жаңақорғанда аяқталды.
12 кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы алғаш рет жеңімпаз атанды. Бұл жолы ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші, ал, Түркістан облысының командасы үшінші болып кесіп өтті. Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1150 шақырымы артта қалды.
Сонымен қатар, бұл кезеңде былтырғы жарыста жеңімпаз болған әрі 11 кезең бойы топ бастаған маңғыстаулық «Көкмойнақ» командасы, елорда шабандоздары мен Қарағанды облысының командасы аттарының болдыруына байланысты жорықты тоқтатты. 
Жоба ұйымдастырушыларының бірі Серік Абжанов 1150 шақырымды еңсеру сәйгүліктер мен шабандоздарға оңай болмағанын айтады.
Алда 2 кезең, яғни 150 шақырым қалды. 
Айта кетейік, Сыр елінен өтіп, ер түріктің бесігі Түркістанға бет алатын 1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздары 19 қыркүйекте анықталады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз