Диана Ербосын – «Түркістан аруы»!

Облыс орталығында «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының аясында «Түркістан аруы» байқауы мәреге жетті. Байқау Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асып отыр. 
Биыл облыстың түкпір-түкпірінен 100-ге жуық ару байқауға қатысуға өтініш білдірген. Үш рет кастинг өткізіліп, Түркістан облысының аудан, қалаларынан ақтық сынға 9 ару жолдама алды.
Финалда арулар өздерін таныстыру, шығармашылық бағытта сынға түсу және қазақша көйлектермен дефиле көрсету бойынша сайысты. Қазылар алқасының шешімімен Диана Ербосын «Түркістан аруы – 2023» атанды. Сондай-ақ, үш ару «Түркістан вице-аруы» номинациясын иемденді. 

Пікір қалдырыңыз