Білім саласына қатысты өтініштер көп түсті

Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті қоғамдық қабылдауын өткізді. Онлайн және оффлайн форматта өткен қоғамдық қабылдауда бірнеше тұрғынның өтініштері мен проблемалары тыңдалды. Өтініштердің басым бөлігі білім саласындағы мәселелерді қамтыды. Атап айтқанда, мектеп салу, балабақшаны қосымша қаржыландыру және өзге де түйткілді мәселелер сөз болды. 

Жетісай ауданының тұрғыны өзі тұратын ауылға мектеп салу мәселесін көтерді. Бұл мәселе зерделеніп, тиісті жауабы берілетін болды. Ал, Түркістан қаласының педагогы қалалық білім бөлімі басшылығына деген шағымын айтты. Аталған шағымға байланысты тексеру жүргізіліп, екінші тараптың да уәжі тыңдалып, заң аясында шешім қабылданады. 
Қабылдауға келген тұрғындардың бірі білім саласындағы проблемаларды қозғады. Сонымен бірге өзін жұмысқа қабылдау жөніндегі өтінішін жеткізді. Тұрғын үй кезегі туралы ақпарат сұраған тұрғын да болды. Оларға заң аясында түсініктеме беріліп, мәселелері бақылауға алынды. Онлайн қабылдауда жұмыс сұраған ауыл тұрғынының өтініші де назарға алынатын болды. Оған заң шеңберінде көмек қарастырылмақ. 
Биыл өңірде балабақшаларда мониторинг жұмыстары жүргізіліп, біраз кемшілік анықталған болатын. Соған байланысты балабақшаларды қаржыландыру ісі де қатаң қадағалауға алынды. Осы салаға қатысты сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды. Балабақшаларына қосымша топ ашып, мемлекеттік қолдауды ұлғайту жөніндегі өтініштер сарапталып, заң аясында шешім қабылданады. Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың бірі Марал ишан туралы кітабын шығару жөніндегі ұсынысын жеткізді. 
Бейсенбай Тәжібаев білім және мәдениет саласына жауапты басқарма басшылығына өздеріне қатысты хаттамаға енгізілген мәселелерді бақылауға алып, тұрғындардың өтініштері бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. 
«Ашық әкімдіктегі» қабылдаулар тұрақты түрде жалғасын табады.
Пікір қалдырыңыз