«Әлем балалар көзімен»

Түлкібас аудандық балалар өнер мектебінде «Әлем балалар көзімен» атты жас қылқалам шеберлерінің көрмесі өтті. Іс-шарада жалпы қолөнер және көркем сурет үйірмесінің жұмыстары көрсетілді. Бастаманың негізгі мақсаты – жас өнерпаздардың еңбегін насихаттап, көпшілікке ұсыну, осы арқылы жас өскіндердің өнерге деген қызығушылықтарына қолдау білдіру.
Көрмеге балалар өздері арнайы салған суреттерін қойды. Оған қатысқан мұғалімдер, ата-аналар жас қылқалам шеберлерінің өнеріне жоғары баға берді. Іс-шара соңында көрмеге белсенді атсалысқан оқушылар марапатталды.

Пікір қалдырыңыз