Ағын су жеткізу мәселесі пысықталды

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші ауылдық округіне қарасты Т.Жайлыбаев елді мекенінде орналасқан «Достық» магистральды каналының 73 пикетінде ағын су қауымдастықтарының басшыларымен кездесу өткізді.
Жиынға магистральды каналдың басшысы А.Жанботаев, «Қазсушар» РМК бөлімшесінің бастығы С.Тойтанов, ауыл шаруашылығы саласына жауапты мамандар және су таратушы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімі алдағы жазғы маусымда ағын судың тапшы болатындығын ескертіп, мейлінше қолда бар суды үнемді пайдалану керектігін түсіндірді. Сонымен қатар, кооператив басшыларына су беріп отырған барлық канал-қашыртқыларға тазалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Бүгінгі таңда аудан аумағында ерте еккен бақша және күріш дақылдарын суару жұмыстары қарқынды  жүргізілуде. Осы маусым айының соңында қауындарды суару басталса, шілде айының басында мақта суарыла бастайды.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Пікір қалдырыңыз