Жексенбаевты жете танып болдық па?

Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылғанына 31 жыл толып отыр. Біздің аға буын ішінде ерлікпен Отан қорғаған, алайда, есімдерін көпшілік біле бермейтін батырлар аз емес. Бүгін сондай батыр ұлдардың бірі, Кеңес Одағында қазақтан шыққан санаулы генералдардың бірегейі Шәкір Жексенбаев туралы әңгіме өрбітпекпіз.
Шәкір Жексенбаев 1901 жылы 28 ақпанда Бөкей облысының Долбұн-Шоңай ауылындағы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Генерал Жексенбаев жайлы, өкінішке қарай, баспасөз беттерінде көп айтыла бермейді. Ол бала кезінде ауылдағы бастауыш мектептен білім алады. Оқуға деген талабын әрі қарай ұштап, Хан Ордасы қалашығында бастауыш білім беретін училищеге түседі. 1917 жылға дейін сонда оқып, Бөкей облысының Долбұн-Шоңай болысының жұмысшылар, шаруалар кеңесінің, Совдептің атқару комитетіне мүше болып сайланған.
1919 жылы өз өтінішімен І Үлгілі Қырғыз (Қазақ) атты әскер қатарына қабылданып, көп кешікпей Орынборда ашылған командирлер курсын тәмамдайды.
Сол жылдың қараша айында атты әскер құрамында қызмет атқаратын жас қазақ сарбазы Борисоглебск қаласындағы Кеңестер кавалериялық курсына оқуға түседі. Одан соң І Қазақ кавалериялық дивизионында взвод басқарады. 1920 жылы Қазақ өлкелік әскери-революциялық комитетінің жолдамасымен Мәскеудегі Жұмысшы-шаруа қызыл әскер академиясына оқуға барады. 1925 жылы академия басшысы Фрунзенің қолынан оқуды үздік бітіргені жайлы куәлік алады.
1925 жылы Қырғыз (Қазақ) Республикасының Орталық комиссариатының Қырғыз (Қазақ) әскерінің оқу бөліміне басшылыққа ұсынылады. Ал, 1926 жылы ол Қазақ КСР Әскери Комиссариатының атқыштар бөліміне командир болып тағайындалады.
1930-1931 жылдары Жоғары химиялық курсты бітіріп, әскери химик атанады. Оның химиялық істерге байланысты жаңа қолбасшылық қызметі осылай басталады. Химиялық курстарды үздік тәмамдаған соң, 1931-1932 жылдары КСРО Әскери және теңіз істері бойынша халық комиссариатының әскери-химиялық секторы бастығының орынбасары болып Мәскеуде жұмыс істеді. Кейіннен Украина әскери аймағында құрылған Байкалдың арғы жағындағы Қиыр Шығыстағы Қызыл Тулы әскери құраманың жеке құрамына командир-комиссар болып барды. 1939-1940 жылдары полковник шенінде Солтүстік әскердің 2-тобына басшылық жасады. Ал, 1940-1941 жылдары Калининдегі әскери училищенің курсанттар батальонына жетекшілік етті.
Қиян-кескі соғыс басталғанда ол Батыс майданы химиялық қорғаныс бөлімі командирінің аға көмекшісі, кейін Орталық майданда химиялық қорғаныс бөлімінің қызметкері, Оңтүстік-Батыс майданы үшінші Брянск әскерінде химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы міндеттерін абыройлы атқарды. Яғни нағыз қауіпті жерлерде – алғы шепте жүрді. Соғыс басталған тұста Кеңес әскерлері үздіксіз шегінумен болды да, жау қолында қалып бара жатқан үлкен қоймаларды жойып жіберу қажеттілігі туды. Ол үшін аса қуатты химиялық жарылғыштар қажет болды. Сөйтіп, Жексенбаев бастаған мамандар жанармайдың түрлі қосындысы толтырылған арнайы шөлмек жасап шығарды. Бұл химиялық қару кеңес әскерлері үшін жаудың бетін қайтарудың бірден-бір құралы болды. Айталық, сол кездегі баспасөз беттерінде «1943 жылы 6 мың танк, 4 мың ұшақ, 2 миллион адам қатысып, 49 күнге созылған атақты Курск шайқасында алғаш рет неміс әскеріне осы қару қолданылып, күйрете соққы берілді. Дыбыстық және түтінді шашкалар, артиллериялық снарядтар, миналар мен ампулалар түнгі уақытта «У-2» ұшағымен жаудың алғы шебіне, қару-жарақ базаларына тасталып, олардың есін шығарды» деп жазылған.
Орталық майданның бас қолбасшысы, маршал К.Рокоссовский Шәкір Жексенбаевты Курск майданындағы ерлігін жоғары бағалап, қазақ азаматы жайлы Кеңес Армиясы Бас әскери шаруашылық басқармасына жолдаған жауынгерлік мінездемеде: «Брянск майданы химиялық қорғау бөлімінің бастығы, полковник Шәкір Жексенбаев жолдас – саяси сауатты, адамгершілігі мол, жігерлі, өз бетімен дұрыс шешім қабылдай білетін таңдаулы командир. Өз ісіне жауапты және жолдастыққа адал. Қоғамдық және партиялық жұмыстарға белсенді араласады. Денсаулығы мықты әрі шыдамды» деп жазған.
Кейін маршал К.Рокоссовский «Солдатский долг» атты кітабында: «Майдан барысында ең қауіпті нүктелерге от қаруларды (огнемет) және жарылғыш бөтелкелерді орналастырып, солдаттарды химия мамандары жасаған жарылғыш заттармен қаруландырып, мықты қорғаныс шебін құрдық» деп жазады. Сондай-ақ, кейінгі жылдары генерал Жексенбаевтың соғыстағы өмірі туралы зерттеген Сансызбай Сейтақанов ағамыз: «Маршалдың кітабында айтылған жарылғыш бөтелке («Бутылочный пара») дейтін химиялық жарылғышты жасап шыққан қазақ азаматы Жексенбаев болатын. Бұл қоспаның ерекшелігі сол, ол танктің зеңбірек оғы өтпейтін шойын темірін қыздырып жібереді екен» дейді.
Жоғарыдағы жетістіктерінен кейін Шәкір Жексенбаевты Брянск майданының бас қолбасшысы, генерал-полковник Макс Рейтер 1943 жылы 10 мамыр күні жоғары әскери атаққа ұсынады. Оны Бас штаб Мәскеуге шақырып, химиялық қару маманы ретінде есебін тыңдайды. Дәл есеп беріп тұрған сәтінде радиодан атақты Юрий Левитанның «Әскери-химия маманы Шәкір Жексенбаевқа генерал-майор атағы берілді» деген рухты үні естіледі. Бұл 1943 жылдың қазан айының 14-і болатын.
Неміс фашистері тізе бүккеннен кейін Шәкір Жексенбаев майдан даласын химиялық қару қалдықтардан тазарту ісіне атсалысады. Одан кейін 1945 жылы 7 қараша күні Қызыл алаңда өткен атақты шеруде химия полкын бастап шығады. Шәкір ағаның әріптестерімен бірге полк бастап, шеруге шыққалы тұрған сәттегі фотосуреті сақталған.
Соғыстан кейін қазақ генералы Одақтың жоғары әскери оқу орындарында ұстаздық еткен. Атап айтсақ, Мәскеудегі К.Ворошилов атындағы химиялық шабуылдан қорғану әскери академиясында факультет бастығы, В.Куйбышев атындағы Әскери инженерлік академиясында кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, сондай-ақ, Бауман атындағы жоғары техникалық училищеде, И.Лихачев атындағы Мәскеу автомобиль зауытының жоғары техникалық училищесінде ұстаз болғаны белгілі. Бұл қызметін ол 1971 жылға дейін атқарады.
Қазақ даласында жаңа заман орнауына еңбек сіңіріп, азамат соғысына, Ұлы Отан соғысына қатысып, әскери химияның майталман маманы ретінде Ленин орденімен, төрт мәрте «Жауынгерлік Қызыл Ту», «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз», т. б. орден-медальдармен марапатталған қазақ генералы 1988 жылы 23 ақпанда өмірден озды.
Генералдың жалғыз ұлы Олег Жексенбаев медицина ғылымдарының докторы атанды, 1954 жылы туған немересі Марина Мәскеуде тұрады.
1985 жылы жарық көрген «И горек дым войны» («Соғыстың ащы түтіні») атты Шәкір Жексенбаевтың құнды еңбегі бай материалдарымен ерекшеленеді. Бұл кітап 1986 жылы «Жалын» баспасынан қазақ тілінде жарық көрген. Ш.Жексенбаев өз кітабында: «Менің туған өлкем. Бір адамның даусын ол қуатты етеді, он есе күшейтеді, ал, оның жанын, бейнебір туған анасындай еркелетеді, мұңайған кезінде жұбатады, қолдайды» деп тебіренеді. Оның аяулы есімі Ұлы Отан соғысының шежіресінде алтын әріптермен жазылатыны сөзсіз. Енді ол туған елі – Қазақстанда ұлықталуы керек. Себебі, оның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі, әскери білімі мен атқарған қызметі бұған әбден лайықты деп ойлаймын.
Осындай ірі тұлғалардың ұстаздық тәжірибесін және еңбегін пайдалана отырып, М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың әскери кафедрасында ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызмет етіп тәжірбие жинаған, оның сыртында Ауғанстанда, тәжік-ауған шекарасында, Таулы Қарабахтағы әскери қимылдарға қатысқан, Чернобыль апатын залалсыздандыруға атсалысқан ардагерлер шәкірттерге дәріс оқиды. Олар әскери кафедрада радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау бойынша жас мамандар даярлау ісімен шұғылданады.
Нұржан СаҒынбеков,
запастағы майор.