КІТАП – РУХАНИ АЗЫҚ

Қазіргі жастардың басым көпшілігі детектив, классикалық және психологиялық роман жанрындағы шығармаларды оқиды.

Кітап – көне заманнан келе жатқан кемел білімнің бұлағы. Қазіргі озық технологиялар заманында кітап оқу қаншалықты өзекті, жастар қаншалықты кітап көп оқиды?

Меніңше, кітаппен дос болған адам ғана оның қыр-сырына қанығып, ғажабын сезіне алады. Өзі үн қатпаса да, өзінің ішкі әлеміне елітіп, дұрыс таңдау жасауға жол сілтейтін әрі адамды жалықтырмайтын серігі деуге болады. «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, қазіргі ғылым мен технология заманында жастар арасында кітап оқу қаншалықты өзекті? Осы сұрақ аясында студенттер арасында жүргізілген сауалнамаға қарасақ, қазіргі жастардың басым көпшілігі детектив, классикалық және психологиялық роман жанрындағы шығармаларды оқиды. Сондай-ақ, қазіргі таңда оқырмандардың электронды кітаптарды оқығанды қалайтыны жасырын емес. Яғни кітап тасып жүргеннен, электронды кітапты ыңғайлырақ санаса керек. Тіпті, мектеп жасындағы балалардың арасында кітаптың электронды нұсқасын оқуға көбірек ден қоятындары аз емес екенін аңғардық.

 

Қымбат ЖАРЫЛҚАСЫН

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің 2-курс студенті. 

Пікір қалдырыңыз