«Отбасы банк» арқылы үй кезегіне тұра аласыз

Елімізде тұрғын үй алу жүйесіне жаңа өзгерістер енгізілді. 24 мамырдан бастап азаматтар тұрғын үй кезегіне бұрынғыдай тек жергілікті әкімдік арқылы емес, «Отбасы банк» арқылы да тұра алады.
Аталған жаңа бірыңғай электрондық жүйе тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың өтініштерін онлайн қабылдап, автоматты түрде өңдейді.
Енді үй кезегіне тек әлеуметтік осал топтар ғана емес, соңғы бес жылда өз атына тұрғын үй тіркелмеген барлық азаматтар өтініш бере алады. Бұл жүйе процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) арқылы жүйеге кіріп, егер бар болса – жеңілдік санатыңызды көрсетіп, деректерді өңдеуге келісім беру арқылы кезекке жазыласыз. Егер үй апатты деп танылса, техникалық қорытындыны жүктеуді ұмытпау керек.
Айта кетейік, жүйе автоматты түрде өтініш берушінің деректерін және тұрғын үйінің бар-жоғын тексереді. Өтініштер арнайы онлайн платформа арқылы қабылданады.
«ОҢТҮСТІК»-ақпарат.