Белсенділік бар жерде қозғалыс бар


Биылғы жылдың басты ерекшеліктерінің бірі алғаш рет 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін тікелей сайлау арқылы тағайындау болып отыр. Бұл жөнінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдегенін теледидардан тыңдадық.

Жалпы, барлық аудандардың әкімдерін сайлау арқылы тағайындау жалғасын таппақ. Мұның өзі биліктің барлық институттарын жаңартып, тың қарқынмен жұмыс істейтіндеріне жол ашпақ. Саяси үдерістер демократияланып, азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысу мүмкіндігі кеңейе түседі деп үміттенеміз.

Әрине, қазақстандық әр азамат – өз елінің қожасын. Елдің қандай болмағы әрбір тұрғынына, азаматына да қатысты. Ендігі жерде әр азаматтың саяси белсенділігі арта түсуі тиіс. Ал, белсенділік бар жерде қозғалыс бар. Демек, жаңа Қазақстанда жаңа күн туып келе жатқанына қуанамыз.


Айдар СЕЙДАЗЫМ,

ҚР Жазушылар одағының Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы.

Пікір қалдырыңыз