ЗАҢЫ ҮСТЕМ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде өзі қолға алған саяси реформаны жүйелі түрде жетілдіре отырып жүргізе беретінін мәлімдеп, оларды нәтижелі іске асыру үшін депутаттардың алдына бірқатар талаптар қойды.

-Нақты басымдықтар форматында жұмыс істеу керек. Аса маңызды мәселелерді дереу шешу қажет. Бірақ, кейбір мәселені кейінге қалдыруға, ал, бірқатары бойынша алдағы шешімдердің тек жобасын белгілеуге тура келеді. Әйтпесе, еңбегіміз зая кетеді және қолда бар ресурстарымызды сарқып аламыз. Алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ. Елімізді қарқынды дамыту үшін сапалы заңнамалық база қалыптастыру керек. Ол үшін экономикаға қажетті ережелер мен қағидаларды өзгерту қажет, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президенттің бүгінгі жасаған үндеуінен түйген ойым – еліміздің алдағы дамуы, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету бір қалыппен шектеліп қалмуы тиіс. Мемлекетті нығайту да, оны басқарудың жаңа моделін енгізу де өзекті мәселенің бірі. Мұны саяси реформалардың үлкен бір бөлігі деп айта аламыз. Соның ішінде маңызды дүниелердің бірі – қоғамда заң үстемдігін орнату. Әділетті Қазақстан құрудың түпкі мәні де – осында. Қазіргі жаһандану заманында, әсіресе, бүгінгідей алмағайып кезеңде заңдардың құндылығын арттыру қоғамның негізгі тірегі болмақ.

Оспанғазы ЖАНҚОЖАЕВ,

Түркістан облыстық ішкі істер органдары

 ардагерлер кеңесінің төрағасы, полиция полковнигі.

 

Пікір қалдырыңыз