ЗАҢ САПАЛЫ БОЛМАСА, РЕФОРМАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАЙДЫ


Мемлекеттің дамуы оның саяси жүйесіне, уақыт талабына сай жүзеге асырылып отыратын реформаларға байланысты. Бүгінгі кезең бізден жаңаша ойлауды, жаңаша әдіс-тәсілдермен жұмыс істеуді қажет етіп отыр. Мемлекет басшысы VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде осы міндеттерді шешуді тапсырды.

-Алдымызда айрықша маңызды міндеттер күтіп тұр. Біз жан-жақты жаңғырту жұмысын күшейтуіміз қажет. Еліміз ұзақ уақыт бойы қолайлы сыртқы ахуалға арқа сүйеп келді. Неше түрлі тұжырымдамаларға, бағдарламаларға сенді. Атқарылған жұмыс туралы жалған есепке сенуге мәжбүр болды. Алайда, аса маңызды, өзекті мәселелер назардан тыс қалды. Халықтың тұрмыс сапасы әлі күнге дейін жақсы емес. Бай мен кедейдің арасы алшақтай түсті. Алдағы бес жылда Үкімет пен Парламент осы негізгі мәселелердің шешімін табуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.   

Мемлекеттің басты байлығы саналатын адам үшін оның өмірі және оның өмір сүруіне қолайлы тұрмыс қажет. Ол үшін мықты заң, жоғары саяси мәдениет және сапалы білім керек. Заң сапалы болмаса, реформалар жүзеге аспайды. Осы құндылықтар ортақ игілікке айналғанда ғана қоғамда әділеттілік салтанат құрады.

Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ,

«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі,

кәсіби медиатор.

    

Пікір қалдырыңыз