Телефон арқылы сөйлесті

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Хашимит Корольдігінің королі II Абдалла бен Хусейнмен телефон арқылы сөйлесті» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекеттер басшылары бір-бірін барша мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Сондай-ақ, екі елдің басшылары Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас перспективаларын талқылап, тұрақты байланысты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Пікір қалдырыңыз