Сахнада – «Махаббат, қызық мол жылдар»!

Түркістан музыкалық драма театрында Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Сезім сапары» спектакль-турының аясында «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклін сахналады. Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында Алматы қаласынан келген театр ұжымы түркістандық көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Жыл сайын репертуарын тағ-лымды туындылармен толықтырып жүрген театр қоржынында көрерменнің айрықша ықыласына бөленген «Махаббат, қызық мол жылдар» спектаклінің орны бөлек. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Әзілхан Нұршайықовтың қаламынан туған шығарма өткен ғасырда-ақ өз оқырманын тауып, талай жанның жүрек сырын қозғаған болатын. Бүгінде аталған туынды Фархад Молдағали режиссурасымен сахналанып, киелі шаһар көрермендеріне ұсынылуда.
Театр ұжымы аншлагпен екі ауысымда өнер көрсетіп, Тұран даласын махаббат жырымен әлдиледі. Еліміздің барлық қаласын қамтитын «СЕЗІМ САПАРЫ» атты тур-спектаклінде өзінің актерлік шеберлігімен есімдері елге кеңінен танылған. талантты әртістер бар.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір қалдырыңыз