Отан отбасынан басталады

Отбасы – шағын мемлекет. Ол — сыйластық, жарастық орнаған орта, кіші Отан. Отанды сүю отбасынан бастау алады. Себебі, бала тәрбиесінің ең алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Сондықтан да туған үйдің жылуы адамдардың көкірегінде жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Біз, Бірінші Мамыр ауылдық округінде тұратын Рахимбаевтар отбасы, осы дәстүрді қатаң ұстанамыз.
Отбасымыздың тірегі, асқар тауымыз – атамыз Рахманали. Ол – өз балаларына да, шәкірттеріне де білім мен тәрбие беруден жалықпаған ұстаз. Салауатты өмір салтын ұстанып, жастарға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тура жолды нұсқаған ардагер әрі үлгілі әке.
Атамыздың жолын жалғап, ізін басып келе жатқан менің жолдасым Дилмурат «Тағайна» жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Иә, біздің отбасы қай кезеңде болсын, бірін-бірі демеп, бір-біріне сүйеу бола біледі. Мен де бүкіл еңбек жолымды бала тәрбиесіне арнаған жанмын әрі ардақты анамын. Бүгінгі таңда менің 30-дан астам шәкіртім мәртебелі мұғалім мамандығын таңдап, елге қызмет етуде.
Қазіргі уақытта менімен қызмет ететін мектептің бір топ мұғалімі Төлеби аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығында деңгейлік қазақ тілі курсынан өтуде. Айтпағым, аталмыш ауданда тұратын этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді тереңдетіп меңгеруге ынталары жоғары. Өйткені, мемлекеттік тілді білу – елдің әр азаматының борышы.
Біз отбасымызбен бірге өз ана тілімізден бөлек, мемлекеттік тілде де қарым-қатынас жасаймыз. Сонымен бірге бәріміз бір-бірімізбен қазақ тілінде еркін сөйлесеміз. Қазақ тілінде жазылған шығармалармен етене таныспыз және «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Қазақша сөйлейміз» бағдарламасын, қазақ кинофильмдерін сүйіп тамашалаймыз. Мен өзім мектепте сабақ бастамас бұрын оқушылармен бірге Әнұран орындаймын. Шәкірттерім Қазақстан Республикасының нышандары туралы барлық мағлұматты біледі. Сабақ барысында оқушыларға қазақ халқының мақал-мәтелдерін таныстырып, олардың тәрбиелік мәнін түсіндіремін. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде балаларға кішкентайынан қазақ елінің белді тұлғалары мен ақын-жазушылары туралы мағлұматтармен бөлісіп, көкіректеріне сіңіріп келемін. Осы арқылы шәкірттерімнің отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін оятып, өз елін, жерін сүюге баулуға тырысамын.
Биыл лирик ақын Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойы. Осыған орай соңында «Ұлт үшін тілінен қымбат ешнәрсе жоқ» деп сөз қалдырған ақынның шығармаларын шәкірттеріме таныстырудамын. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейтін болсақ, біздің тербетіп отырған бесігіміз – мектебіміз. Мектеп – білім тірегі болса, ұстаз – оның жүрегі.
Мен мұғалім, ұстаз ретінде Қазақстандағы әрбір ұлт өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге, құрметтеуге, қастерлеуге шақырамын! Түрі, тілі, діні бөлек болғанымен, Қазақстан – татулықтың, достықтың, бірліктің мекені.
Дилфуза РАХИМБАЕВА,
мұғалім.
Төлеби ауданы.
Жиза
Не болп атр чёрттар
Ооо
Не болды сендерге
Әлімжан
Өзі мал кенесары чмо чорт лох гей далбаёб сенің анаң.......
кенесары
әіғүүұ
кенесары
мал