Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен олардың өз жұмысына деген жауапкершілігі және ең бастысы, өзіне деген тұтас қоғамның сенімін қалыптастыру – әрбір мемлекеттік қызметшінің негізгі міндеті. Демек, қоғамда мемлекеттік қызметші туралы оң пікір, түзу көзқарас және оған деген сетінемейтін сенім қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке ие болу оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен біліктілік аздық етеді. Одан бөлек мемқызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни мемлекеттік қызметшінің кәсібилік деңгейі мен моральдық-адамгершілік қасиеттері қатар тұруы керек. Содан болар, бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде. 

Біздің негізгі қызметіміз мемлекеттік органдардың қоғамдағы рөлін күшейтіп, мемлекеттік қызметшінің имиджін көтеру екенін ерекше атап өткен жөн. Сонымен қатар мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының және қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алуға бағытталған. Жалпы, әдеп жөніндегі уәкілдің өзіндік қызмет жоспары бекітілген. Жоспарға сай 2022 жылы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұматаймен бірге облыс әкімдігіне қарасты 
23 басқармада арнайы кестеге сәйкес семинар-жиындар өткізілді. Ол жиындарда Президент Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және ҚР Президентінің 2022 жылғы 22 ақпандағы №814 Жарлығымен өзгерістер енгізілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидалары түсіндірілді. Сондай-ақ, тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, орын алған тәртіптік, әкімшілік кемшіліктердің қайталануына жол бермеу, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуы бойынша заң бұзушылықтардың алдын-алу, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу, Қазақстан Республикасы  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын сақтау мәселелері түсіндірілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында 8 рет мемлекеттік қызметке жаңадан келген жас мамандармен мотивациялық кездесулер, қайта  даярлауға келген мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары бойынша лекциялар оқылды.
Бұдан бөлек, Әдеп кодексіндегі өзгерістерді, ондағы әдеп нормаларын бұзу фактілерінің алдын алу, құқық бұзушылықты жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және барынша азайту, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру мақсатында аудан, қалаларда барлығы 83 семинар-жиын өткізілді. Аудан, қалалардағы семинар-жиындардың 32-сі ауыл, кент әкімшіліктерінде өткізілді.
Облыс әкімі аппараты Әдеп уәкілінің жеке кестесіне сәйкес аудан, қалаларда 43 азаматқа жеке қабылдау өткізіп, заңдылықтарға сәйкес түсініктемелер берілді. Телефон байланысы арқылы 10 азамат хабарласып, оларға консультациялық көмек көрсетілді. 
Облыс әкімі аппаратына ұжымдағы жанжал мәселесі бойынша Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылдық округі және Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округі әкімдерінің аппарат қызметшілерінен, жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдері тарапынан қысым жасалып, құқықтары шектеліп жатқандығы жөнінде 2 арыз-шағым келіп түсті. Қызметтік тексеріс жүргізудің нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтары қорғалып, Тұрбат ауылдық округінің әкімі А.Ертаев «қатаң сөгіс» және Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі К.Абдилахатов «ескерту» түрінде тәртіптік жазаға тартылды. Аталған аудан әкімдерінің қатысуымен ауылдық округ әкімшіліктерінде моральдық-психологиялық жағдайды реттеу мақсатында арнайы жиын өткізіліп, жағдай тұрақтады.
Өткен жылы облыс әкімі аппаратының Әдеп уәкіліне 11 арыз-шағым келіп түсті. Аудан, қала әкімдеріне енгізілген ұсыныстардың негізінде қызметтік тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде заң бұзғандығы анықталған 7  мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылды. Ал, 4-еуіне шара көруден бас тартылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін облыс әкімінің аппараты және қала, аудандар бойынша 31 мемлекеттік қызметшіге заң аясында тәртіптік шара қолданылса, аудан, қалалардағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан 27 әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алған. Алайда, Жетісай, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш және Шардара аудандарында өткен жылмен салыстырғанда әдеп нормаларын бұзу фактілері көбейген.
Аудан, қалалар  бойынша облыстық Әдеп кеңесінің ұсынысы негізінде 2022 жылы барлығы 14 лауазымды қызметшіге тәртіптік шара көрілген. Олардың арасында аудан, қала әкімінің орынбасарлары, ауыл, кент әкімдері мен бөлім басшылары бар. Ал, Қазығұрт, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласында әдеп нормаларын бұзған лауазымды қызметшілердің саны артқан.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста жергілікті атқарушы органдардағы 17 мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық іс қозғалып, 326 мемлекеттік қызметшіге әкімшілік айыппұл салынды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда әкімшілік құқық бұзушылықтар саны 2 есеге артқан. Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі бөлігі автокөлік жүргізу барысында жол ережелерін бұзу кезінде орын алған.
Мемлекеттік органдардың әдеп нормаларын сақтау бойынша жұмыс тиімділігінің деңгейін анықтау үшін облыс әкімдігінің және 17 аудан, қала әкімдіктерінің интернет-ресурстарында 3 сұрақтан тұратын онлайн-сауалнама орналастырылды. Нәтижесінде «Сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан тәртіп бұзушылыққа куә болдыңыз ба?»  деген сұраққа 166 адам «иә» деп жауап берсе, 2866 адам «жоқ» деген жауап қалдырған. Ал, 155 адам мемлекеттік сектормен өзара әрекеттеспейтінін білдірген. «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін арттыру үшін» деген сауалға 381 адам тәртіптік жауапкершілікке тарту деген жауап қалдырса, 2685 адам әдепті мемлекеттік қызметшілерді барынша көтермелеу деп түсінетінін білдірген. Ал, әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік органда қабылданатын шаралар деген сұраққа 2832 адам мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен әріптестерге дұрыс және құрметпен қарайтынын білдірсе, 171 адам  мемлекеттік қызметшілер азаматтар мен әріптестерге қатысты орынсыз мінез-құлық фактілеріне жол беретінін атап көрсеткен. 139 адам жауап беруден бас тартқан.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жасырын сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 3535 штаттық мемлекеттік қызметшінің 3150-і қатысты. Сауалнама қорытындысы бойынша облыс әкімдігінің басқарма басшыларына ұжымдағы қызметкерлердің бір-бірімен қарым-қатынасын жақсартуды, жүктеменің теңдей бөлінуіне мән беруді, қызметкерлерге деген қарым-қатынаста әділ болуды және басшы ретінде қызметкерлердің сеніміне кіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу қажеттілігі жөніндегі ұсыныстар жолданды. Ал, аудан, қала әкімдері мен аппараттарындағы Әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік мекемелердегі моральдық-психологиялық ахуалға баса назар аудару қажеттігі, басшылық тарапынан ұжымда тек қана іскерлік өзара қатынастардың қалыптасуына мүмкіндік жасау, мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу керектігі айтылды.
Облыс азаматтарымен конструктивті диалогты қалыптастыру және әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, ашық қарым-қатынас орнату, атқарылып жатқан жұмыстарды жариялы түрде көрсету мақсатында  «Facebook» әлеуметтік желісінде арнайы «Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі» парақшасы және 17 аудан, қалалардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің парақшалары ашылған. Барлық атқарылып жатқан жұмыстар осы парақшаларда үнемі жарияланып отырады. Былтыр «Түркістан облысының Әдеп жөніндегі уәкілі» парақшасында 59 ақпарат жарияланды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсынысымен аудан, қалалардағы Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқарған жұмыстарына мониторинг жүргізу, одан әрі жетілдіру  мақсатында 16 көрсеткіш бойынша бағалау жүйесі енгізілген. Жыл  қорытындысы бойынша Мақтаарал, Арыс, Сарыағаш аудандарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыстары жоғары бағаланса, Қазығұрт, Төлеби, Сауран аудандарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің жұмыстары қанағаттанарлық деңгейде болмады. 
2022 жылдың  қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан 256 өтініш түскен. Облыстық Әдеп кеңесінің шешімімен 39 мемлекеттік қызметшіге тәртіптік іс қозғалған. Олардың 33-і әдеп нормаларын бұзуға қатысты қозғалса, 6 іс мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бергені үшін қозғалған.  
Жергілікті атқарушы органдардағы тәртіптік комиссияларға мемлекеттік қызметшілердің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 567 хабарлама түскен. Барлығы 1172 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылған болса, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін 7-не тәртіптік шара көрілген.

Мақсат ИСАЕВ,
облыс әкімі аппаратының 
Әдеп жөніндегі уәкілі.
Пікір қалдырыңыз