Сайлаушылар тiзiмдеріне енгiзу

Сайлаушылардың тізімдерін әкімшілік-аумақтық бірлік
шегінде әрбір сайлау округі бойынша дауыс беруді ескере отырып, тұрғылықты
жері бойынша тұрақты тіркеу негізінде жергілікті атқарушы органдар
(әкімдіктер) жасайды.
|
Сайлаушылар тізімдеріне белсенді сайлау құқығы
бар және тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша
тіркелген Республика азаматтары енгізіледі.
|
Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар
тізімдеріне өздері берген өтініш негізінде дауыс беру күніне дейін отыз
күннен кешіктірмей немесе 2023 жылғы 17 ақпанға дейін енгізіледі.
|
Өтініш келіп түскен кезде әкімдік азаматты ол
дауыс беретін учаскенің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері
бойынша тізімнен шығаруды
ұйымдастырады. Осы құқықты: - дауыс беру күні тіркелген жерінде болмайтынын
алдын ала білген азаматтар; - басқа қаладан келген, арнаулы орта және жоғары оқу
орындарында оқитын студенттер; - вахталық әдіспен жұмыс істейтін азаматтар
пайдалана алады.
|
Азамат сайлаушылардың бір тізіміне ғана енгізіле алады.
|
Тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе
Call-орталығы арқылы сайлаушылар тізіміне енгізілгеніңізді тексере аласыз немесе
сайлаушылар тізіміне енгізілуіңіз үшін қайда жүгінуіңіз керек екенін біле
аласыз.
|
2023 жылғы 4 наурыздан бастап сайлаушыларға нақты
сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміндегі өзі туралы деректерді тексеру
мүмкіндігі берілетін болады. Сондай-ақ сайлаушыларға ыңғайлы болу үшін
электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабардар ету
ұйымдастырылады. |
Қазақстан Республикасының Орталық
сайлау комиссиясы