Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу-басты міндет

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі,
Құқық
қорғау органының негізгі қызметі - кәмелетке толмағандардың арасындағы
құқық бұзушылықты алдын алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз
іс-әректтер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа
заңға бағынушы азамат ретінде құқықтық тәлім –тәрбие беру.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасының басты қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары делінген.
Сондықтан
Қазақстан Республикасының әр азаматының міндеті- заң талаптарын сақтау, өзге
адамдардың құқығын бұзбау, өзіне жүктелген міндеттерін жете біліп орындау болып
табылады. Заңды
білмеу, оны бұзу-жауапкершіліктен құтқармайтынын жас ұрпаққа үнемі
түсіндіреміз. Бұл
ретте, Еңбекші ауданы прокуратурасымен аудан әкімі аппаратының мамандары және
аудандық полиция басқармасының инспекторлары бірлесіп, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта
көңіл көтерін орындарданда және көшеде
ата-анасыз жүремеуін қадағалау мақсатында рейдтік іс-шаралар апта сайын
жүргізілуде.
Бұдан
бөлек, Еңбекші ауданы прокуратурасы аудан әкімі апаратымен кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықты алдын алу бағытында іс-шаралар жүргізу жоспары бекітілген.
Жоспарға
сәйкес отбасылық зорлық-зомбылық, нашақорлық, кереғар дін ағымдар мен
секталардың іс-қимыл тәсілдері, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу жөнінде аудан
аумағында орналасқан мектептерде жоғары сынып оқушылардың қатысуымен түсіндіру
лекция-семинар апта сайын жүргізілуде.
Кездесу
барысында оқушыларды қызықтыратын сұрақтарға жауап беріліп, заң аясында жасөспірімдер
құқық бұзушылық жасағанда қандай
жауапкершілік қарастырылған және қандай тәртіп бойынша өтеуі бар
екендігі туралы толық баяндама жасалды.
Осы
атқарылған жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында үйінен қашып кету фактілері азайған. Нақты
айтсақ, құқықтық білім беру арқылы жасөспірім құқықты ұғынады және оның санасы
қалыптасып, дамиды. Құқықты
ұғынумен қоса, тұлғаны заңды құрметеуге қорғауға, орындауға дағдыландыру мен заң әділдігіне сендіру-құқықтық сананың негізгі белгілері.
Бүнгі
күні тәртібі нашар, ішік істер органдарында есепте тұрған оқушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде .
«Ел
болам десең, бесігіңді тузе» - деп дана
қазақ халқы айтқандай, бүнгі жастар еліміздің болашағы. Болашағымыз ғұмырлы, салиқалы
болуын қаласақ, жасөспірімдердің тәрбиесіне көңіл бөліп, қадағалауына
атсалысуымыз қажет.
Еңбекші ауданының прокуратурасы
Әселхан
Өте дұрыс келісемін