Министр жедел жиналыс өткізді
Бауыржан ЕРМАН, «Ońtústik Qazaqstan».
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына келіп, су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жиында жағдайдың күрделіленуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресу тапсырылды.
Айта кетсек, тәулік бойы тоқтаусыз жұмыс істеп жатқан қызметкерлер Сауран ауданындағы Майдантал ауылындағы қауіптің бетін қайтарды. Жалпы, 200-ден астам адам және 800 басқа жуық мал эвакуацияланды. Су жолына инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтағанымен, кей жерлерде су ағыны жалғасып жатыр. Синоптиктердің болжамдары қауіптің сейілмегенін көрсетіп отыр. Сондықтан жағдай ерекше бақылауға алынған. Республикалық және облыстық жедел штабтар мен «жедел желі» жұмыс істеп тұр.