Мобилография – жоғары табыс табудың жаңа тетігі

Мобилография ‒ жаңа ғасырда дүниеге келген трендтегі сала. Бұрын адамдар фотоаппарат көмегіне жүгінсе, бүгінде телефон арқылы әр сәтті өздері таспалай береді. Бұл салаға деген сұраныс әсіресе, жас буын арасында айтарлықтай жоғары.
«Біздің елімізде кейінгі жылдары мобилография саласы қарқынды дамып келеді. Біздегідей бұл сала ешқандай мемлекетте дамымаған. АҚШ, БАӘ, Түркия болсын, олар мобилографияның әлі не екенін білмейді, яғни біз алдамыз деген сөз» дейді мобилографияны меңгерген жас мамандардың бірі.
«Мобилография сөзі «Мобиль» – «мобильді телефон», «граф» – «жазу, сипаттау, суреттеу» дегеннен шыққан. Яғни, телефон қолдану арқылы видео түсіру дегенді білдіреді. «Мобилография» терминінің авторы – ресейлік суретші Дмитрий Резван. 2004 жылы Дүниежүзілік мобилографтар қоғамы құрылған. Оның негізгі мақсаты – әлемге мобилографияны кеңінен насихаттау.
Бүгінде әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын жастар өздерінің профильдерінде жағымды әсер қалдыру мақсатында айрықша фотосуреттерді түсіріп, оны өңдеуді үйренуде. Дегенмен, кәсіби жабдықпен түсіру және монтаждау көп уақытты қажет етеді. Сол себепті, сапалы суретті күнделікті қолымызда жүретін смартфонармен түсіру оңай болмақ. Мобилографтардың кәсіби мамандардан артықшылығы материалды жылдам беруінде. Мықты мобилограф болу үшін ең алдымен сапалы видеоролик жасап шығаруға камерасы жақсы жабдықталған смартфон, күшейтілген жарық пен дыбыс қажет. Ал, суретті түсіру және оларды монтаждауды өз бетіңізше үйренуге болады немесе арнайы курстардан өткен абзал.
Көздің жауын алатындай кадрларды ұстап, смартфонға түсіру арқылы оған өзгеше реңк беру екінің бірінің қолынан келе бермейтін дүние. Алғашқыда мобилографтың жұмысы бағалана қойған жоқ.
Бүгінде сұранысқа ие саланы одан әрі дамыту, қолданыс аясын кеңейту мақсатында арнайы курстар ашылған. Онда білікті мамандар болашақ мобилографтарды дайындайды. Бұл сала ең алдымен өз жұмысын түрлі әлеуметтік желілер арқылы жүргізетін кәсіпкерлерге, маркетологтарға, SMM мамандарына ауадай қажет. Себебі, бұл шығынды айтарлықтай азайтып, қосымша маман ұстауды қажет етпейді.
Елімізде де әлемдік ірі брендтермен жұмыс істеп, өз аудиториясын қалыптастырған талантты мобилографтар бар. Солардың бірі – ең танымал фото/видеограф Қыран Талапбек. Бүгінде ол 50 мың шәкірт дайындаған еліміздегі ең танымал мобилограф. Кәсіпкер Нью-Йоркте білім алып жүрген кезде-ақ бұл саланы елге әкелуді ойлаған. Қыранның ең арзан курсы небәрі 2 мың теңге, ал, ең қымбат курсы 50 мың теңге тұрады екен. Сондай-ақ, ол «Lexus», «Toyota», «LG» брендтерінің жарнамасын ұялы телефонға түсірумен айналысады. Қыранның жанында бір апта жүріп, жеке сабақ алу үшін қалтаңызда 1,5 миллион теңге болу керек!
Мобилографияны кез келген адам меңгере алады. Оған ең алдымен мол тәжірибе мен айтарлықтай төзім қажет. Бұл саланың артықшылығы түсірген фото мен видеоларда идея болуы керек. Сондай-ақ, өз бойыңдағы ұялшақтық қасиет пен үрейді жеңу, идеяны одан әрі дамыту, ерекше болуға дағдылану, басқалардың қолынан келмейтін нәрселерді істей алу, міне, осыларды қажет етеді. Арнайы курстарда оқудан бөлек қосымша ізденсеңіз, тіпті керемет! Әрине, курстың бағасы оны оқытатын маманға байланысты өзгеріп отырады. Жаңадан дәріс беріп жүрген мамандардың бағасы 10 мың теңге болса, тәжірибелі шетелдік мамандардан курс алу 200 мың теңгеге дейін баруы мүмкін. Ал, кеткен шығыныңды екі-үш тапсырыспен-ақ ақтап алуға болады.
Мамандардың айтуынша, мобилограф болу үшін ой ұшқырлығы, байқампаздық, яғни қарапайым нәрселерден ерекше сұлулықты көре білу қасиеттері қажет. Содан соң ерінбейтін, көп ізденетін адам ғана бір нәтижеге жете алады. «Бұл менің салам емес» деп қолды бір сілтей салмау керек.
Ал, мобилографиядан қанша табыс табуға болады дегенге келсек, ол енді әртүрлі. Бағаның өзгеруі елдің аймағына байланысты болып отырады. Орта есеппен табысыңыз айына 500 мың теңгеден айналады, тіпті, бір миллион теңгеден де көп табатындар бар.
Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда үлкен мамандықтардың жіктелу дәуірі жүріп жатыр. Мысалы, журналистикадан копирайтер бөлініп шыққанындай, видеографиядан мобилография пайда болды.
Мобилография әлемнің түкпір-түкпірінде тұратын, әртүрлі тілдерде сөйлейтін адамдар арасындағы байланыс құралы ретінде де өте маңызды.
Ыбырай Ерасыл
Ерасыл сила
Ыбырай Ерасыл
Не пікір
Манап сырым
200мын тенгедей тауады
Айсара Бейсханова
Мобилограф маманы айына канша табыс табады?