Айыппұл мөлшеріндегі өзгерістер

1 қаңтардан бастап АЕК 3 450 теңге болды. Осыған байланысты айыппұл мен салық мөлшері өзгерді. Атап айтқанда:
Жылдамдықты арттырғанның айыбы
Биылдан бастап автомобиль қозғалысының жылдамдығын 10-20 километрге арттырғаны үшін жүргізушіге 17 250 теңге айыппұл салынады. Ал, сағатына 20-40 шақырымға арттырса, 34 500 теңге (10 АЕК) мөлшерінде айыппұл төлейді. Егер жылдамдықты сағатына 40 шақырымнан асырса 69 мың теңге (10 АЕК) айыппұл төлейді.
Көлік жүргізуге құқығы жоқ болса...
Автокөлікті жүргізуге құқығы жоқ жүргізушіге 69 мың теңге (10 АЕК) айыппұл салынады. Егер көлікті жүргізу құқығынан айырылған бола тұра көлік айдаған болса, 172 500 теңге (50 АЕК ) айыппұл салынады немесе 20 тәулікке қамауға алынады.
Жол белгілерін елемеген жағдайда...
Жол белгілері мен оның талаптарын сақтамағаны үшін жүргізушіге
10 350 теңге (3 АЕК ) айыппұл салынады.
Бағдаршамның «қызылына» тоқтамаған немесе жол диспетчерінің тыйым салу қимылына құлақ аспаған жүргізуші 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұл арқалайды. Егер бұл құқықбұзушылықты қайталаса, айыппұл көлемі 51 750 теңгеге (15 АЕК) өседі.
Жол қозғалысы ережелерін бұзып, жаяу жүргіншілер жолы, жол жиектері немесе тротуармен жүрсе, 51 750 теңге (15 АЕК) айыппұл салынады.
Аялдама/автотұрақ ережесін бұзсаңыз...
Енді көлікті тұраққа дұрыс қоймаған, аялдама немесе автотұрақ қағидаларын бұзған жағдайда 17 250 теңге (5 АЕК) айыппұл салынады.
Тротуар, гүлзар, балалар және спорт алаңдарына көлігін қойып кету, басқа автокөліктердің жүруіне кедергі жасау 34 500 теңге (10 АЕК) айыппұлмен тең.
Ақылы тұраққа ақша төлемеген жүргізуші 10 350 теңге (3 АЕК) айыппұл төлейді.
Қызметкердің көлікті тоқтату туралы талабын орындамаған жағдайда жүргізушіге 138 мың теңге (40 АЕК)айыппұл салынады. Ал, бір жыл ішінде осы заң бұзушылықты қайталаса, 5 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынып, көлік жүргізу құқығынан айырылады. Көлік жүргізу құқығынан айырылған азаматтар жолда полицияға тоқтамай өтіп кетсе, ол үшін 60 АЕК айыппұл салынады.
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзып, қауіпсіздік белбеуін тақпаған және рульде отырып, телефон пайдаланған жағдайда 17 250 теңге (5 АЕК) айыппұл төлейді.
Жаяу жүргіншіге қатысты
Жаяу жүргіншілерге арналған орындардағы жол қозғалысына қатысты ережелер орындалмаса, 6 900 теңге (2 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынады. Бір жыл ішінде осы заң бұзушылық қайталанса, айыппұл көлемі 5 есе көбейіп, 34 500 теңге төлейтін болады.
Жол ережесіне қатысты басқа да айыппұл көлемі
Полиция қызметкерлері мен тергеушілердің қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың заңды өкімдеріне бағынбайтындар немесе олардың жұмысына кедергі келтіргендерге 103 500 теңге (30 АЕК) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін. Бұл жағдай бір жыл ішінде тағы да қайталанса, көлік жүргізуші 175 500 теңге айыппұл арқалайды немесе 20 күнге дейін қамауға алынады.
Қоғамдық орында түкірген, белгіленбеген жерлерге қоқыс тастаған жандарға бұдан былай 17 250 теңге (5 АЕК) айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанған жағдайда олар 34 500 теңге айыппұл төлейтін болады.