Кітап – асыл қазына

Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді құрметтей білу сияқты асыл қасиеттерді бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңіреді. Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады. Ең бастысы, балаларға кітапты сүюге көмектесу керек.
Созақ ауданы Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің кітапханашысы Құралай Мұстафаева мектепте «Созақ үні» газетінің тілшілері Біржан Жандәулетов және Нұрсұлтан Қанатұлымен кездесу өткізді. Мектеп кітапханасында өткен іс-шарада журналистер кітап оқудың адам өміріне тигізетін пайдалары, кітапты көп оқыған адамның рухани деңгейі туралы келелі әңгімелерді өрбітті. Сонымен қатар оқушыларды кітаппен дос болуға, кітапты көп оқуды әдетке айналдыруға шақырды. Оқушылармыз да көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларын ашық білдіріп жатты.
Жиын соңында журналистер «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында өздері тарапынан қазақ қаламгерлерінің бірнеше кітабын сыйға тартты. Кітап – алтын сандық. Іші қазынаға тола алтын сандыққа қол салар, баға жетпес байлықпен дос болған жастарымыз көп болуын қалайтынымыз рас.
Сержан БЕГМАНҰЛЫ,
Қ.Рүстемов атындағы жалпы орта мектебінің директоры.
Созақ ауданы.
Айзере????
Это просто самый лучший ответт❤️❤️????????
Сағида
Ааа бопты күшті ои екен ????
айсара
Менің пікірім өте жақсы ой екен
айсара
Өте жақсы ой????????????