Қасым-Жомарт Тоқаев Президент ретінде тіркелді

«ҚР Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент ретінде тіркеді» деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» және «Сайлау туралы» Конституциялық заңдарға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясының қаулысын қабылдау қажет» деп атап өткен ҚР ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.
Осыдан кейін ОСК мүшелері 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс Президент сайлауының қорытындыларын анықтау туралы қаулыны бірауыздан қабылдады.
«Орталық сайлау комиссиясы халық сайлаған Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті ретінде тіркеді және заңнамада белгіленген тәртіппен сайланған Мемлекет басшысына тиісті куәлік тапсырылады» деді ол.
Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қараша күні Қазақстан халқына ант береді.

Пікір қалдырыңыз