Халықтың әл-ауқатын арттыру – басты мақсат

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын халқымыз аса үлкен қуанышпен  қабылдады. Өйткені, Жолдауда елімізде алдағы уақытта жүргізілетін өзгерістердің, саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалардың нақты бағыт-бағдары  белгіленді. 

«Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп аталатын үшінші бағдарда еліміздің  басты құндылығы адам екенін айтқан Президенттің ойлары мен тұжырымдары  да көңілден шықты. Қ.Тоқаев реформаның басты мақсаты ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру керек екенін атап өтті. Әділетті Қазақстанды құру жолында халықтың, әрбір азаматтың әл-ауқаты мен тұрмыс-тіршілігі бірінші орынға қойылады. 
Қ.Тоқаев еңбекақыны нарықтық жағдайға сай өсіруді міндеттеді. Мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп ұлғайтуға мүмкіндік беретін жаңа тәсіл енгізілмек. Ең алдымен, ең төменгі жалақы деңгейі 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеріледі. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысының өсуіне жағдай жасайды. 
Зейнетақы жүйесі де қайта жаңғыртылмақ. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, жоғары шегін 120 пайызына жеткізілу қарастырылады. 2025 жылға қарай зейнетақы мөлшері орташа алғанда 27 пайызға көбейеді. Әлеуметтің талап-тілегі ескеріліп, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру көзделінді.
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне де өзгеріс енгізілмек. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне  қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық жалақысының 45 пайызына дейін көбейтіледі. 
Халықтың әл-ауқатын жақсартудағы маңызды қадамның бірі – атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру. 2023 жылдан бастап Отбасылық цифрлық картасы қалыптастырылады. Онда әрбір азаматқа көрсетілетін мемлекеттік қолдау бойынша нақты, ашық және түсінікті ақпарат алуға  мүмкіндік береді.
Халқымыз «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деп, ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген. Тәрбиелі, саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аналар мен жас ұрпаққа қолайлы жағдай туғызу мен қолдау көрсетудің маңызы зор. Президенттің бұл бағыттағы бастамалары отбасы құндылықтарын бағалауға және жас ұрпақтың болашаққа сеніммен қарауына  негіз қалайды. Бұл орайда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылады.
Жолдауда: «Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады,  мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді. Қор, шын мәнінде, ұлттық мәртебесіне ие болып, халқымыздың игілігіне қызмет етеді. Бастаманы мұқият әзірлеу қажеттігін ескерте отырып, жобаны 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосуды тапсырамын» деді Қ.Тоқаев.
Дүниеге келген әрбір балаға есепшот ашып, қомақты қаржы сомасымен толықтыру бірқатар дамыған мемлекеттерде, әсіресе,  араб елдерінде кеңінен қолданылады. Мұндай бастама оң нәтижесін беру керек.
Ең маңызды мәселенің бірі –ұлттық байлықты теңдей бөлу қағидатын жүзеге асыру болып табылады. Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қоры таза пайдасының кемінде 7 пайызы жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылатынын атап өтті. Ең бастысы, Президент тұжырымдамалық түрде ұлттық қордың табысы халыққа тікелей баратын механизмді ұсынды.
Жолдауда халықтың көңілінен шыққан бастамалардың бірі ретінде «сән-салтанатқа» салықтың енгізілуін айта кетуіміз керек. Бұл салық тек аса қымбат жылжымайтын мүлік және автокөлік сатып алған кезде салынатын болады. Мұндай іс-шара – байлар мен кедейлер арасындағы табыс алшақтығын шектеуге бағытталған. 

Көшкінбай  ЕЛІКБАЕВ, 
 Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

2 пікір

  • sonis
    sonis

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз