Жаңа міндеттер қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құру жолында еліміздің ахуалын одан әрі дамытып, жақсартудың барлық мүмкіндіктерін қарастырып жатыр. Осы мақсатта 2022 жылдың 1 қыркүйек күні Президент өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жолдады.

Жолдауда еліміздің жаңа кезеңге қадам басуына жалпыұлттық референдумның әсері туралы айтып, келесі кезекте саяси жаңғырудың экономикалық өзгерістерге ұласуы тиістігін жеткізді. Бес бағдардан тұратын Жолдауда жаңа экономикалық саясат, нақты секторды дамыту, ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту, заң және тәртіп мәселелеріне ерекше тоқталды. Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары ретінде жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру, сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу мәселелерін қамтыса, салық мәселесіне қатысты жұмыс барысын толық цифрландыру керектігін тапсырды. Мемлекет басшысы қай кезде де көрпеге қарай көсілу қажет екенін, бюджет саясатына реформа жасалып, нәтижеге жұмыс істеуді ұсынды. 
«Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» атты үшінші бағдарда «еліміздің басты құндылығы – адам, ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды» делінген. Осы бағдарда Президент денсаулық сақтау саласына тоқталып, бұл салада біраз жұмыстар атқарылғанымен, әлі де атқарылуы тиіс шаруалар көп екенін ескертті. 
Алдағы екі жылда еліміздегі емдеу мекемесі жоқ елді мекендерде медициналық және фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Осылайша, мемлекет бір миллионнан астам адамның алғашқы медициналық-санитарлық көмек алуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, Президент білім беру саласына, жастарға жан-жақты қолдау көрсету және қоғамдағы заң үстемдігі мәселелеріне де айрықша назар аударды. 
Әрине, мемлекеттің дамуында анық та айқын бағдар беретін стратегиялар мен Жолдаулардың рөлі зор. Сондықтан мемлекеттік қызметкерлер өз құзыреті шегінде Жолдауда берілген тапсырмалардың мейлінше тез арада орындалуына ықпал етіп, Жаңа Қазақстанның дамуына үлестерін қосқаны жөн. 

Әбдіманап ТӨЛЕБАЕВ,
 Шымкент қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы. 

2 пікір

  • polkmnoipk
    polkmnoipk

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз