Қазақстан құрамасы ерледі

Кешегі бейсенбіде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасы аясында 5-тур ойынын өткізді. Біздің құрама «Астана-Аренада» Беларусь құрамасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті. Қазақстан Прездиенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің футбол құрамасын жеңісімен құттықтады. Осы жеңісі арқылы біздің құрама УЕФА Ұлттар лигасының «В» дивизионына жолдама алды.

Ал, ойынға келер болсақ, алғашқы тайм алма-кезек шабуылдармен өрбіді. Матчтың 28-минутында Рамазан Оразовтың әдемі пасын Михаил Габышев сәтті пайдаланып, таразы басын Қазақстанға аударды. Бірінші таймның бітуіне санаулы секундтар қалғанда Савицкий есепті теңестіріп кетті.
Ал, ойынның 79-минутында Бахтиер Зайнутдинов есепті 2:1-ге жеткізді. Осы жеңістен соң Қазақстан құрамасы өз тобында жеке-дара көш бастады. Өз тобында жеңімпаз атанған құрамалар 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласады. Ол ойындар келер жылы наурыз айында өтеді. Ал, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасындағы келесі ойынын 25 қыркүйек күні Бакуде өткізеді.  
Пікір қалдырыңыз