Жылу беру маусымына дайындық қалай?

Бұл туралы брифингте Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Роза Сариева айтты.

«Облыста барлық орталықтандырылған жылу қазандықтарының жұмысы кестеге сай атқарылуда. Кентау қаласында орналасқан ЖЭО-5-те дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқталады. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілген 626 көпқабатты тұрғын үйдің 600-і жылыту маусымына әзір. Ал, 2 561 бюджеттік мекеме мен әлеуметтік нысан 100 пайыз дайын» деді Роза Олжабайқызы.
Спикердің сөзінше, өңірде жалпы көмір отынының қажеттілігі 907,6 мың тонна, тасымалданғаны 423,1 мың тонна. Оның ішінде: коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі – 249,2 мың тонна. Тасымалданғаны – 142,8 мың тонна. Тұрғындардың (жеке тұрғын үйлер, жылыжайлар) көмірге қажеттілігі 658,4 мың тонна болса, тасымалданғаны 280,3 мың тонна. Тұрғындар үшін теміржол тұйығы бар елді мекендерде 1 тонна Шұбаркөл отынының бағасы 14 600 – 18 500 теңге аралығында. 
Сонымен қатар, бюджеттік мекемелердің сұйық отынға (дизельге) қажеттілігі  – 4 559,7 мың литр. Ол 100 пайыз тасымалданды. Ал, жылумен қамтамасыз ететін мекемелер үшін мазутқа қажеттілік 2700 тонна. Қазіргі таңда сатып алу рәсімдері өткізілуде. 
Айта кетейік, жылыту маусымына дайындық жұмыстары облыс әкімдігі тарапынан тұрақты бақылауға алынған. Жұмыстар 
жалғасуда.

Облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Пікір қалдырыңыз