Кәсіпкерлер марапатталды

Төлеби ауданының құрылғанына 90 жыл толған мерейтойы аясында аудан әкімі Төлеген Телғараев бірқатар кәсіпкерге мерекелік төсбелгі мен аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Кездесу Төлеби ауданы әкімдігі ғимаратында өтті. Жеке кәсібін бастап, табысқа жеткен, қиындықтарға қарамастан жұмыс орындарын ашып, ауылдастарына көмектескен азаматтарды аудан басшысы Төлеген Тұртайұлы мерекемен құттықтап, алғысын жеткізді. 
– Бүгінгі күні аудан аумағында 8 мыңға жуық кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, жұмыстарын жүргізуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемел­ұлы өзінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлік саласын дамытуға назар аударып, қаржылай қолдау қажеттігін айтты. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне мән беріліп, еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетілетінін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізілетінін, мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалатынын айтты. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы да басты назарда болады,– дей келе бизнес өкілдеріне табыс тіледі.
Бұл күні өз бизнесін ашып, қоғам дамуына үлес қосқан, қайырымдылық іс-шараларды, бизнес жүргізудің әлеуметтік және этикалық практикасын ілгерілеткен азаматтардың еңбегі бұл күні ескерусіз қалған жоқ.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Пікір қалдырыңыз