Президент БҰҰ Бас Ассамблеясы сессиясына қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке жұмыс сапарымен барды.
БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясына қатысушылар соңғы бірнеше айдың ішінде әлемдік саясатта пісіп-жетілген ең өзекті мәселелерді талқыға салады деп күтілуде. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымовтың айтуынша, Бас Ассамблея алаңында бейбітшілік пен соғыстарға, басқаша айтар болсақ, халықаралық қауіпсіздіктің барлық нормаларының сақталуына жауапты жалғыз халықаралық жаһандық ұйым ретінде БҰҰ қызметін жақсарту жайы да талқыға түспек.
Спикер Америка Құрама Штаттары жаңа технологияларға ие жетекші жаһандық держава болғанын және болып қала беретініне назар аударды. Сондықтан елімізде технологиялық компаниялардың өкілдіктерін ашу, шикізаттық емес салаға инвестициялар тарту маңызды екенін атап өтті.
Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйлейді. Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен олардың өтініші бойынша кездесулер өткізу жоспарланып отыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.
«Оңтүстік»-ақпарат.