Жаңа бағыттарға жетелейді
Күздің алғашқы күнінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды тағатсыздана күтіп, тапжылмай тыңдап шықтым. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Жаңа Қазақстанды құру жолындағы өзгерістер мен жоспарлар, нақты қадамдармен таныс болғым келді.
Президент Қазақстан халқына жасаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты биылғы Жолдауында елімізде жүргізіліп отырған Конституциялық реформаның негізгі бағыты – саяси-әлеуметтік жүйені жаңғырту арқылы Әділетті Қазақстанды құру екендігін баса айтып, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмысы төмен отбасылардың жағдайына көңіл бөліп, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайын жақсарту, кіші және орта бизнесті дамыту, макроэкономикалық жүйені тұрақтандыру, жаңа салық саясаты және өзге де бағыттарға «бір терезе» қағидатын енгізуді атап өтті.
Саяси құжаттың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған тың жаңалықтарға толы болды. Мұнымен бірге, білім, бала болашағы, табысты ұлт болудың сатыларына да кезекпен тоқталды.
Әсіресе Жолдауда мені қызықтырғаны Президенттің «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз» деген сөзі. Мемлекет басшысы көп кәсіпкерге серпін бергендей шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты бірқатар бағыттарды ұсынды. Мұнымен қоса қарапайым еңбек адамдарын да назардан тыс қалдырмай, ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін көтеру керектігін қадап айтты.
Саяси құжаттың соңында Президент еліміздің саяси өмірінде бірқатар өзгерістер орын алатындығын жеткізді. Айтар болсақ, осы жылдың күзінде кезектен тыс Президент сайлауы өтетіндігін, оған өзінің қатысуға дайын екендігін мәлімдеп, келесі жылдың бірінші жартысында барлық деңгейдегі депутаттардың сайлауы өтетіндігін де атап өтті. Сондай-ақ, сегізінші шақырылымдағы жаңадан сайланған Парламентке алдағы уақытта сайланатын Президенттің өкілеттік мерзімін 7 жыл етіп белгілеу және бір реттен артық ешкімнің бұл лауазымға сайлана алмайтындығы жайлы норма енгізу үшін ұсыныс жасайтындығын айтты.
Бәрінен де мемлекет мүддесін биік санаған Президент ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстанды құрып жатқандығын жеткізді. «Бұл жолда бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділеттіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз» деді. Қасым-Жомарт Кемелұлы сөз соңында қасиетті Отанды бірге өркендетуге шақырды.
Инара НАМАЗБАЕВА, облыстық мәслихат депутаты.
polkmn
Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.