Тәшенов университеті есігін айқара ашты

Шымкенттегі Жұмабек Тәшенов атындағы университет студенттерге есігін айқара ашты. Айта кетейік, Жетісай қаласындағы «Сырдария» университеті Шымкентке қоныс аударып, атауын өзгерткен болатын. Бұл жоғары оқу орны биылдан бастап Жұмабек Тәшенов атындағы университет болып аталады.

Университетте Білім күні қарсаңында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Оған Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы белгілі профессор ғалымдар, педагогтар, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

– Жаңа атаумен жаңа оқу жылын бастап отырмыз. Бұл профессор-оқытушылар құрамына да, студенттерге де тың серпіліс әкеледі деп сенемін. Биыл университетімізде 3 500 студент білім алмақ. Оның 800-і – алғашқы курс студенттері. Оларға мемлекеттік гранттан бөлек, жергілікті, жекелей гранттар қарастырылған, – дейді университет ректоры Қанат Байболов. 

Бүгінде университет бакалавриаттың 13 бағыты бойынша 31 мамандық иелерін оқытады. Сондай-ақ, магистратураның 5 бағыты бойынша 6  мамандық иелерін даярлап шығармақ. Оқу орны негізінен техникалық, ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша білім беруді көздейді. Одан бөлек ветеринария, сервистік сала бойынша жекелеген кәсіпорындармен келісе отырып, мамандар даярлауда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық беделді жоғары оқу орындарымен бірлескен оқу бағдарламалары әзірленіп жатыр.

Е.ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.

14 пікір

  • Нұрхат Ерқанат
    Нұрхат Ерқанат

    Бүкіл Қазақстанға дегенімгой. Оқу ақысы әр жылда өзгеріп тұрады сол үшін жарияламаған

  • Нұрхат Ерқанат
    Нұрхат Ерқанат

    Бұрыннан келе жатқан тамыры кеңге жайылған университет екенін білемін. Атағы бүкіл елге танымал. ????????????????????. Беделді университеттердің бірегейі!!!

  • Утегенова Жанар Саулебековна.
    Утегенова Жанар Саулебековна.

    2008ж жоғарғы оқуға тапсырғанмын кейін тұрмыс құрып сол бойы оқи алмадым енді соны қайта алсам болады оқу ақысы қалай болады бұрынғы юағамен ба әлде қазіргі бағамен ба

  • Айгерим Жагыпарова
    Айгерим Жагыпарова

    Кітапхана оқуы барма

  • Айгерим
    Айгерим

    Кітапхана мамандығы барма

  • Нур
    Нур

    Магистратура бағасы қанша? Неге жазбайсыздар

  • Зауре
    Зауре

    Оқу ақысы қанша

  • Зауре
    Зауре

    Оқу ақысы қанша

  • Айгерім
    Айгерім

    Оқу ақысы неге ешқандажерде жазылмаған

  • Мадина
    Мадина

    Оку акысы канша

Пікір қалдырыңыз