Бірлескен инвестициялық жобалар талқыланды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катар премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман әл Таниды қабылдады. Кездесуде қазақ-катар қарым-қатынастарын дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы қыркүйек айында Эр-Риядта өтетін Орталық Азия және Парсы шығанағы елдері сыртқы істер ведомстволары басшыларының диалог алаңының бірінші отырысын құптайтынын жеткізді.
Мұхаммед бен Абдулрахман әл Тани Қасым-Жомарт Тоқаевқа Катар әмірінің сәлемін жеткізіп, оның жуық арада Қазақстанға келетінін растады.
Пікір қалдырыңыз