Ел жастардан тың бастамалар күтеді

11 шілдеде Ақмола облысының Зеренді ауылында «AMANAT» партиясы жастар қанатының кезектен тыс VI съезі өткені белгілі. Төрт күнге жоспарланған шараға еліміздің барлық өңірінен 350 делегат қатысты. Олардың ішінде Түркістан облысынан 12 делегат бар.
Ашық табиғат аясында ұйымдастырылған «Net Working» форматындағы шараның мақсат-міндеті партиядағы жастар қанатының жұмысына тың серпін беретін өзгерістер мен үлкен бетбұрысқа бағытталған. 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнежазба арқылы «AMANAT» жастар қанатының кезектен тыс VI съезіне қатысушы делегаттарға құттықтау сөз арнап, ел жастарына арнайы үндеу жолдады. Президент өз үндеуінде Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағытты атады. Біріншіден, Мемлекет басшысының айтуынша, болашақтың кілті цифрлық технология мен инновацияда. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар елді алға бастайды. Сондықтан бірнеше тіл біліп, түрлі кәсіп игеру жастардың қолынан келеді. Білімді әрі білікті өрендер ғана биік мақсатқа жете алады. Елге тірек болу – әрбір жастың мұраты. Ел жастардан тың бастамалар және озық идеялар күтеді.
Екіншіден, жастар адал еңбекті бағалап, рухы биік, санасы сергек болуы тиіс. Жаңа заманның жақсы қасиеттерін бойға сіңіре отырып, жаһанданудың жағымсыз әсерлерін де естен шығармау керек. Мемлекеттік мүдде бәрінен биік тұруы керек екенін айта келіп, Президент әрбір жасты ана тілін, ата дәстүрін, төл тарихын білуге үндеді. Үшіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев «Туған елге құрмет жалынды сөзден емес, жасампаз істен көрінетінін, алдына мақсат қойған азамат нағыз мемлекетшіл тұлғаға айналатынын» ерекше атап өтті. Әркім қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезіну керек. Осылайша Президент Жаңа Қазақстанның жастары айрықша түсінуге тиіс үш маңызды бағыт – терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет екендігін атап айтты. Аға буынның жастарға зор үміт артатынын, оны жастардың ақтайтынына сенім білдіріп, съезд жұмысына табыс тіледі.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында «Біз адамдардың энергиясына, таланты мен еңбекқорлығына арқа сүйейміз. Әрбір адамзаттың өзін-өзі дамытып, өз ойын жүзеге асыруы үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Тек осылай ғана біз халқымыздың жасампаздық әлеуетін арттыра аламыз» деп атап өткен болатын.
Съезд барысында партияның жастар қанаты ұйымына жаңа атау беру қарастырылды.  Қазақстандық спортшы, мини-футболдан Еуропа чемпионатының үздік сұрмергені Біржан Оразов ұйымға «Жастар рухы» атауын беруді ұсынды. «Жаңа Қазақстанды өз Отанын сүйетін, білімді, парасатты, дарынды, рухты жастар құратыны сөзсіз. Сондықтан бүгінгі делегаттарға партияның жастар қанатының атауын «Жастар рухы» деп өзгертсек деген ұсынысым бар» деді Біржан Оразов.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов және съезд делегаттары да жастар қанатының жаңа атауы туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Осылайша еліміздегі 105 мың адамды құрайтын ең ірі жастар ұйымы «Жастар рухы» деп аталды. Партияның жастар қанатын жаңарту тек атауын өзгертумен шектелмейді. Іс-шарада жастар ұйымын трансформациялау бағдарламасы ұсынылды.
Жастар форумының соңғы күні партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов төрт күн бойы белсенді жұмыс істегені үшін барлық өңірден келген делегаттарға алғыс айтып, естелік сертификаттар табыстады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев съезд делегаттарына арнаған үндеуінде Отанға қажет әрі пайдалы болуға ұмтылу – әрбір жас адамның мақсаты болуы тиіс екенін атап өтті. Бұл іс-шара ұл-қыздардың бірлігі мен ынтымағын айқындады. «Жастар рухы» жастар үшін толыққанды әлеуметтік лифт болатынына кәміл сенемін» деді «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы.
Пленарлық отырыстан бөлек, өте мазмұнды бағдарламалар болды. Яғни ақпараттық тренингтер, семинарлар, қызықты мәдени бағдарламалар ұйымдастырылды. Жан-жақтан жиналған жастар тәжірибе алмасып, өз идеяларымен бөлісіп қана қоймай, әріптестерінің ұсыныстарын талқылады. Съезге қатысып қайтқан делегаттар алға қойған міндеттерді іске асыру үшін тың күш-қуат пен ерекше шабыт алғандарын айтады.
Съезді қорытындылай келе, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Жаңа Қазақстан болашақ жастардың игілігі үшін құрылып жатқанын атап өтті.
«Бұл реформалардың мәні неде? Сіздердің әрқайсысыңызға – еліміздің саяси өміріне, бизнеске, басқа да қоғамдағы маңызды мәселелерге еркін араласу үшін тең мүмкіндік беру. Бір сөзбен айтқанда, біздің жастарымыз келешекте әділетті де ашық қоғамы бар қуатты Қазақстанда өмір сүрулері керек. Президент бастамасымен осы өзгерістердің барлығы Конституциямызға енгізілді, шегеленді, заңдастырылды. Ендігі кезекте осы реформаларды іске асыруда – алдыңғы қатарда жастар, әрине, сіздердің болуларыңыз өте маңызды» деді Ерлан Қошанов.
    
Саясат бөлімі.

Делегаттар пікірі

Мырзабай ЕРМАХАН,
«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсендісі:

– Съезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев делегаттарға  өзінің бейнеүндеуін жолдап, еліміздің жалынды жастарының бойында 3 қасиеттің болуы шарт екенін айтты. Олар – терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштік.
Бұдан өзге, съезд барысында 106000-ға жуық жастың басын қосқан ұйымымыздың атауы өзгерді. 
«Жастар рухы» жастар қанаты атауын делегаттар мен съезд қонақтары бірауыздан қолдап, Мәжіліс депутаты Елнұр Сабыржанұлы, ел арасында Dauletten атымен танылған Дәулет Мұқаев ағамыз, танымал тележүргізуші Мақсат Толықбай сынды тұлғалар «Рух» сөзінің ауқымы кең екенін тілге тиек етті.
Одан өзге делегаттар арнайы бағыттар бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Атап айтсақ, Берлібай Ақерке медиа-тренер және коммуникатор; Абылайхан Камаладин – CEO «Qamaladin media»; Марьям Касымова – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің дипломды экотренері, экоамбассадор; Шакен Марат – PR-консультант, The Tech телеграм каналының негізін салушы; Вавулиди Милина – «Atameken Business» тележүргізушісі; Нұрғалиева Мадина – «AMANAT» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры; Нұрмұхаммед Байғараев – «AMANAT» партиясының Саяси жұмыс департаментінің директоры; Қайыржанов Темірлан, Бекмағамбетов Асхат – PAXARO LABS негізін салушылар.
Сондай-ақ, қоғам қайраткері Дәулет Мұқаев «Ақылды жас Азамат» және «AQYL BATTLE» жобалары туралы хабардар етті. 

Еркебұлан МАДИЯРҰЛЫ,
Түркістан облыстық «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының төраға орынбасары:

– Съезд өте жоғары деңгейде өтті. Алғашқы күннен бастап делегаттар үшін бос уақыт болмады. Семинар-тренингтер, ойын-сауық кештері, маңызды кездесулер бірінен соң бірі жалғасып жатты. 
Жастар қанатының съезінде бастау алған «Jas Talks» диалог алаңында  ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаевамен, ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановпен, «AMANAT» партиясының Саяси кеңесі бюросының мүшесі, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас директоры Дархан Қыдырәлімен, «Әділдік жолы» республикалық ҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловпен кездестік. 
Съезд делегаттарының қолдауымен қабылданған «Жастар рухы» атауы маған үлкен жауапкершілік жүктегендей сезімдемін. Бұл атаудың рухты жастардың көшбасшылары тәрбиеленер мектеп боларына сенемін. 

4 пікір

  • Alicia Endre
    Alicia Endre

    HOW TO FIND AND RECOVER YOUR STOLEN BITCOIN I’m writing to the public to provide knowledge about Lost Recovery Masters. Look no further if you ever demand hacking services, When I lost more than $150,000 USD in bitcoin, individually I found myself in a challenging situation, I was inconsolable and believed I had reached my lowest point, I had no hope of getting my invested money back. All that changed when I discovered Lost Recovery Master and everything was transformed. The company intervened and helped me get all my money back within a short period of time. Their services are well recommended and they ensure maximum satisfaction to their clients. You can contact them via Website: (https://lostrecoverymasters.com/) Whatsapp (+44(7537-105921) Support Email (Support@lostrecoverymasters.com)

  • sonisvbmnm
    sonisvbmnm

    Несиені қалай алуға болатындығы туралы мәлімдемені оқыңыз. Сізге, Карен Линч, жалған несие берушіге бірнеше рет алданғаннан кейін бизнесіңізде несие алуға көмектескеніңіз үшін рахмет. Менің атым Алексдре Асылым. Мен бір күні досым мені сенімді несие компаниясымен таныстырды. Ол алдымен компаниядан несие алды, мен оған күмәндандым, бірақ мен көп ойланғаннан кейін мен тырыстым және көрдім, мен 75 000 еуро несиемді 24 сағат ішінде және өтініш бергеннен кейін алдым және мен сізге жақсы қызмет көрсету үшін келдім. сенімді несие компаниясы маған берді. Егер сіз жылдам және сенімді несиелік компанияны іздесеңіз, қосымша ақпарат алу үшін сенімді несие компаниясына хабарласыңыз: trustedloanfirm0@gmail.com. Рақмет сізге.

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз