Шымкентте «Арман қала» салынып жатыр

Shymkent City жаңа перспективалы шағын ауданында Arman Qala бигвилінің құрылысы белсенді жүріп жатыр. Тұрғын үй кварталдарынан бір қадам жерде барлық қажетті инфрақұрылым: мектептер, балабақшалар, саябақтар, скверлер және сауда алаңдары салынады. Сондай-ақ, қаланың бас жоспарына сәйкес, аталған ауданды дамыту аясында Конгресс-орталық, университет және спорт кешенін салу жоспарланған.

 Бигвилль стандарт, комфорт және бизнес санатындағы кварталдар салынатын 50 га аумақты алып жатыр.

Жобаның бірінші кезегінде каркас ретінде монолитті темірбетон пайдаланылды. Қасбет сәндік сылақпен әрленген, алғашқы екі қабат клинкер кірпіштерімен қапталған. Құрылыста қабырғалар мен едендерді бір уақытта салу арқылы процестерді жеделдетуге мүмкіндік беретін туннельді қалыптау технологиясы қолданылады. Технология элементтер арасындағы жіктер санының аз болуына байланысты берік болып саналады.

 Бигвилльдің барлық кварталдарында әр түрлі жастағы балаларға арналған ойын кешендерімен, спорт алаңдарымен, күркешелермен және жасыл бұрыштармен демалуға арналған аймақтармен жабдықталған жабық аулалар қарастырылған. Осылайша, үйдің әрбір тұрғыны өзіне ұнайтын нәрсемен айналыса алады.

 "Arman Qala 1-1 16-12-9 деңгейлі қабаттылығы бар төрт тұрғын блоктан тұрады. Бүгінгі таңда екі блокта монолит және тас қалау жұмыстары аяқталуға жақын. Инженерлік коммуникациялар белсенді түрде салынып, әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші блокта қасбетті оқшаулауға және терезе жақтауларын монтаждауға кірістік", – деп, жоба жетекшісі Амангелді Әшімов құрылыстың барысы туралы әңгімелеп берді.


Холдардағы интерьер авторлық дизайн бойынша орындалған, кіретін есіктер витражды шынылармен әйнектелген. Пәтерлер қабырғалардың тегістелуін, еденге бетон құю, электр сымдарын жүргізуді қамтитын жақсартылған сылақты жағдайда өткізіледі. Сондай – ақ, жобаның ерекшелігі – бірінші қабатта ашық террассалары бар ситихаус-пәтерлердің болуы.

"Ашық есік күніне бару, өз үйіміздің құрылысын көру өте қызықты болды. Іс-шара, тұтастай алғанда қызмет те жоғары деңгейде ұйымдастырылған, біздің сұрақтарымызға қызметкерлер тез арада жауап береді. Таңдауымызға ризамыз және үйіміздің кілтін алатын күнді асыға күтіп жүрміз", – деп BI Group компаниясының клиенті Әйгерім өз әсерімен бөлісті.


 BI Group сату бөліміне келіп, Arman Qala-дан пәтер сатып алу және басқа да жобалар бойынша кеңес алуға болады. Тиімді шарттарда жылжымайтын мүлік иесі болудың бірегей мүмкіндігі бар акциялар саны да аз емес. Шымкенттегі сату бөлімі Бәйтереков көшесі, 100/3 мекенжайында, Tamerlan Residence тұрғын үй кешенінде орналасқан, сондай-ақ, ақпаратты 360 қысқа нөмірі арқылы алуға болады (ұялы телефоннан тегін).



Пікір қалдырыңыз