Түркістан облысы әкімі Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуі

Түркістан облысы әкімі Ө.Е.Шөкеевтің Мақтаарал ауданының тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

 

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы
(ЖАО құрылымдық бөлімшесі)

Аяқтау нысаны

Орындалу барысы

(3 айдың қорытындысы)

Денсаулық сақтау саласы

1

Өзіңізге белгілі, 2018 жылы Президентіміздің Жарлығымен облысымызда Мақтаарал ауданы екіге бөлініп, Жетісай және Мақтаарал ауданы болып қайта құрылды.  Мақтаарал ауданындағы ауруханалар Кеңес Одағында салынған ғимаратта мамандандырылған медициналық қызмет көрсетуде. Ауданымызда заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған  аурухана болса деген арманымыз бар. Осы жаңа аурухана мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын?

(Мырзакент кентінің тұрғыны Тайлақов Ташмурат)

            Ауданға заманауи медициналық жабдықтармен  жабдықталған аурухана салу жұмыстарын жүргізу.

            (Атакент кентінен 4 га. жер телімі бөлініп, нормативке сәйкес 150 төсек-орынға арналған аудандық аурухана құрылысын салуға жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу конкурс рәсімдері жүргізілуде).

2024-2025 жж.

Облыстық қоғамдық денсаулық  басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда облыстық бюджеттен жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеуге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша жобалаушы мердігер анықталды. ЖСҚ әзірлеу 2023 жылға өтпелі.

2

Біздің Игілік ауылында 1924 жылы салынып тозығы жеткен, апатты жағдайдағы бейімделген ғимаратта ауыл тұрғындарына бастапқы медициналық көмек көрсетілуде. Осыған байланысты, ауылымызда жаңа дәрігерлік емхана салу мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын?

(Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Жұрымбетов Даулет)

            Аталған елді мекенге дәрігерлік емхана салу мәселесін қарастыру.

            (Игілік ауылында ауысымына
50 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, ағымдағы жылы «Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылысы басталатын болады).

2022-2023 жж.

Облыстық қоғамдық денсаулық  басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылысын салушы мердігер анықталды. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына аяқтау жоспарлануда.

Жер қатынастары саласы

3

Шекара маңындағы суармалы жерлерді пайдалану туралы

(Мырзакент кентінің тұрғыны Хаметов Қасымбек)

            Шекара маңындағы суармалы жерлерді пайдалануға тапсыру.

            (Мақтаарал ауданы бойынша ені
100 метрлік шекара аумаққа оның ішінде: Шаруа қожалықтарының егістік жер учаскелерінің саны 738 жалпы көлемі
610,84 гектар, шекара сызығына енетіні жалпы көлемі 610,84 гектар.

Оның ішінде, жалдау құқығымен    735 жер учаскесі жалпы көлемі 606,79 га. жекеменшік құқығымен 3 жер учаскесі жалпы көлемі 4,05 га. мемлекеттік шекара сызығының 100 метрлік белдеуге түскен жеке және заңды тұлғалардың пайдалануындағы немесе меншігіндегі ауыл шаруашылығы жерлерін баламалы жер беруге мүмкіндік жоқ. Басқа нысандар: (ферма, дүкен және балабақша) саны - 4 жалпы жер көлемі 3,0242 га. жеке меншік құқығымен шекара сызығына енетін;

Ферма көлемі – 2,88 га;

Дүкен көлемі - 0,0150 га;

Балабақша – 0,1292 га.

Ені 100 шаршы метрлік шекара аумаққа сызығына енетін елді мекендер бойынша Мақтаарал ауданы, Еңбекші ауылдық округі мен Жаңажол ауылдық округінің 2 елді мекені, оның ішінде: Жаңажол ауылдық округі аумағындағы Нұрлыжол елді мекені бойынша шекара сызығына енетін тұрғын үй құрылысы және оған қызмет жасау мақсаттағы жер учаскелерінің саны 27 жалпы көлемі                        6,4 гектар.

Оның ішінде, жекеменшік құқығымен 27 жер учаскесі жалпы көлемі 6,4 га. Еңбекші ауылдық округі аумағындағы Шұғыла елді мекендері бойынша шекара сызығына енетін тұрғын үй құрылысы мақсатындағы жер учаскелерінің саны 5 және тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесінің саны 23 көлемі 3,1 га.

Басқа нысандар: (Жаңажол а/о аумағындағы шекара заставасы) саны                         1- жалпы көлемі 2,5 га;

Кедендік бақылау бекеті; (Жамбыл а/о аумағындағы Атамекен кеден бекеті) көлемі – 1,07 га;

Кедендік бақылау пунктінен (Бірлік а/о аумағындағы Сырдария кедендік бақылау пункті) көлемі 0,43 га;

Кедендік бақылау пунктінен (Жаңажол а/о аумағындағы Целинный кедендік пункті) көлемі - 0,22 га;

Су қорының жерінен 100 метрлік белдеуге енетін жер көлемі 33,86 га:

Мақтаарал ауданы бойынша мемлекеттік шекара сызығының жүз метрлік белдеуіне түскен ауданның арнайы жер қорындағы бос жерлер жоқ).

Тұрақты

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Суармалы жерлерді пайдалануға тапсыру

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Қонысаевтың 06.05.2022 жылғы №1-17/28013 хатына сәйкес, Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялауды тиісті халықаралық шарт жасасу арқылы түпкілікті аяқтағанға дейін шекараға тікелей жақын жерлердегі кез келген жұмыс түрлері қалыс қалдырылды. Осыған байланысты, 100 метрлік белдеуде орналасқан жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажына алып қою шаралары кейінге қалдырылды.

4

Мырзакент кентіне көлемі 160 га жер телімін қосылды деп естідік. Осы жерден кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесі беріледі ме?

(Мырзакент кентінің тұрғыны Демеуова Сабира)

 

            Кезекте тұрған азаматтарға жер учаскесін бөліп беру жұмыстарын қарастыру.

            (Мырзакент кентін ұлғайтуға арналған 160 га. жер теліміне егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленген. Оның 2020 жылы су тасқыны салдарынан зардап шеккен елдімекендерді қоныстандыру бойынша мақсатында 70 га. жер телімі игерілген. Қалған 90 га. жер телімін игеру мақсатында инженерлік инфрақұрылым жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттама әзірленуде. Инфрақұрылым жұмыстары аяқталғаннан кейін кезектілік тізімге сәйкес берілетін болады).

Тұрақты

Облыстық жер қатынастары басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Жер учаскелерін бөліп беру

Аудан әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсыныстары ескере отырып, «Түркістан облысы Мақтаарал ауданының, Мақтарал, Бірлік және Жамбыл ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихат шешімінің жобасы дайындалды. Қазіргі таңда, бірлескен облыс әкімдігінің қаулысы мен облыстық мәслихат шешімінің жобасы ПИ-82172 санды хатпен ҚР Әділет министрлігіе келісу үшін жолданған.

Мәдениет саласы

5

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің  орталығы Ынталы елді мекенінде орналасқан апатты жағдайда тұрған мәдениет үйі бұзылып, орны тегістелді. Жаңа мәдениет үйі салынып, жастардың бос уақытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырса жақсы болатын еді. Жоспарда құрылыс жұмыстары бар ма?

Жаңа мәдениет үйін салуға көмектессеңіз. 

(Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғыны Манапов Жарқынбек)

            Аталған елді мекенге жаңа мәдениет үйін салу үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру.

            (Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылынан жаңа типтік үлгіде мәдениет үйін салу үшін тиісті құжаттарын дайындау үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп ЖСҚ дайындалуда. Құжаттары дайын болса қаржы қарастырамыз).

2023-2024 жж.

Облыстық мәдениет басқармасы

 

Түркістан облысының құрылыс басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылынан мәдениет үйін салу үшін ЖСҚ дайындалып сараптамаға жолданды.

Сараптаманың оң қорытындысын алу 2022 жылдың қыркүйек айында жоспарлануда.

Білім саласы

6

Құрметті Өмірзақ Естайұлы! Қазіргі уақытта барлық аудандарда Дарын мектептері жұмыс істейді. Біздің де ауданымызда дарынды, білімді балалар көп. Мақтаарал ауданында дарынды балаларға арналған "Дарын" мектеп интернатын салу жоспарда барма?

(А.Қалыбеков ауылдық округінің тұрғыны Есенбеков Пердеш)

            "Дарын" мектеп интернатының құрылыс жұмыстарын жүргізу.

            (Мақтаарал ауданының орталығы "Мырзакент" кентінен 600 оқушы орынға арналған  оқу корпусымен қоса жатақханасымен "Дарын" мектебін салу үшін жер телімі бар. Қазіргі таңда ЖСҚ-сын дайындап, жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Құжаттары дайын болғанда, салынатын болады).

2023-2024 жж.

Облыстық

адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда ЖСҚ-сын дайындап, жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Құжаттары дайын болғанда, салынатын болады.

7

Мен Бірлік ауылдық округі, Өркениет елді мекенінің тұрғынымын, біздің ауылда мектептің болмауына байланысты, балалар көрші ауылға барып оқиды. Біздің ауылға мектеп салу жоспарда барма?

(Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Жолдасбеков Мықтыбек)

 

            Аталған ауылдық округке мектеп салу үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

            (Мақтаарал ауданының Өркениет елді мекенінің 200-ден астам оқушылары қазіргі таңда "Бірлік" және "Болашақ" мектептеріне барып оқуда. Аталған елді мекенге 200 орындық типтік үлгідегі мектеп құрылысын жүргізу үшін жер телімі бөлініп, жобалық сметалық құжаттары толығымен рәсімделген. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін облыстық құрылыс және адами әлеуетті дамыту басқармаларына қаржы қарастыру үшін тиісті құжаттар топтамасы тапсырылған. Қазіргі таңда республикалық және облыстық сессияларда тиісті қаржы қарастырылып, жұмыстары жүргізілуде).

2023-2024 жж.

 

Облыстық

адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда Өркениет елді мекенінде мердігер "Нүрі-Л-Жетісай" ЖШС тарапынан  200 орындық типтік үлгідегі мектептің құрылыс монтаж жұмыстары басталып, мектеп ғимаратының қазандық шұңқырын қазу жұмыстары жүргізілуде.

8

Мақтаарал ауданында күрделі жөндеуді қажет ететін мектептер саны аз емес. Алдағы уақытта қанша мектепті күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған? Осы жөнінде айтып берсеңіз?

(Мақтаарал аудандық әжелер кеңесінің төрайымы Құрбанбаева Шахзада)

            Аудандағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуге республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржы бөлу мүмкіншілігін қарастыру.

            (Мақтаарал ауданында жалпы саны                           56 жалпы орта мектеп жұмыс істейді, соның ішінде күрделі жөндеуді талап ететін                       18 мектепке Мақтаарал ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан техникалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ПИР әзірленді. Осы 18 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық сметалық құжаттамаларға қаржы қарастыруға ұсыныс берілген).

2022-2025 жж.

Облыстық

адами әлеуетті дамыту басқармасы

 

 

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Қазіргі таңда  күрделі жөндеуді талап ететін                       18 мектепке облыстық бюджеттен жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеуге   қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу веб-порталында конкурс жүргізілуде.

Сәулет, Құрылыс саласы

9

Біздің ауданымыздың орталығын көркейту мақсатында, көпқабатты үйлер, әлеуметтік нысандар, жаңа саябақ салынады ма? Мырзакенттің бас жоспарына сәйкес кәсіпкерлікке жер телімдері қарастырылған ба? (Мырзакент кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Сералиев Балғабек)

 

            1. Ауданға жаңа әлеуметтік нысандар салу үшін тиісті жұмыстар жүргізу.

            (Бас жоспарға сәйкес кенттің жаңа бөлігінде көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы жобаланған. Кенттің сәулеттік келбетін жақсартуға үлесін қосатын болады. Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында жаңа мектеп, бала-бақша, емхана құрылыстары қарастырылған. Бас жоспар бойынша саябақ қарастырылған. Қазіргі таңда саябақтың эскиздік жобасы дайындалуда, барлығы кезең-кезең мен жүзеге асырылатын болады).

            2. Бас жоспарға сәйкес кәсіпкерлікке жер телімдерін қарастыру.

            (Бас жоспарда, каналдың бойыннан кәсіпкерлікке жер телімдері карастырылған. Атап айтқанда жеміс-жидек, сүт, ет өнімдерін өңдейтін шағын кәсіпорындары жобаланған. Заңға сәйкес берілетін болады).

1. 2022 -
2023 жж.

 

2. Тұрақты

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

1. Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кенті саябағына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер мекемені және техникалық қадағалау қызметін көрсететін техникалық қадағалаушы мекемені анықтау үшін «Түркістан облысы мемлекеттік сатып алу  басқармасы» ММ-нің тарапынан мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Мырзакент кентіне  3 қабатты 4 тұрғын үйге Сараптама қорытындысы алынып, жоба сметалық құжаттамасы әзір.

 

2.  Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында кәсіпкерлікке жер телімдері карастырылған. Алайда жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелерін түзету коеффиценттерін бекіту үшін Түркістан облысының Әділет департаментіне жолданған. Жұмыстар толық аяқталған жағдайда заңға сәйкес берілетін болады.

Ауылшаруашылығы саласы

10

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыста қандай қаржы ұйымдары жеңілдетілген несие және қанша мерзімге беріліп жатыр?

(Достық ауылдық округі, Бескетік елді мекенінің тұрғыны Бердалиев Тұрсынбай)

 

            Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            (Облыста көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорация» АҚ мен несие серіктестіктері, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Оңтүстік» АИО» ЖШС сияқты қаржы ұйымдары жеңілдетілген несие береді. Мерзімі несие алынған жылдың 1 желтоқсанына дейін).

Тұрақты

Облыстық ауылшаруа- шылығы басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу

Жалпы 2022 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін «Аграрлық несие корпорация» АҚ (1 349 797 мың) мен несие серіктестіктері, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС (2 000 000 мың), «Оңтүстік» АИО» ЖШС (1 000 000 мың) сияқты қаржы ұйымдарынан жалпы 4 349 797 мың теңге қаржы соммасы жеңілдетілген пайызбен несиеге берілді. Соның ішінде Мақтаарал ауданы шаруалары 110 бірлік жобаны құрайтын 3211 гектар алқапқа 310 670 мың теңге көлемінде несие алды.

11

2021 жылы қаржы тапшылығына байланысты мал шаруашылығымызға тиесілі субсидиямыз резервке түскен болатын. Осы қаржымыз қашан төленіп беріледі?

(Атакент кентінің тұрғыны Мұрсалиев Талғат)

 

            Заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            (Бүгінгі күні резервте 3,5 млрд. теңгеге өтінім түсіп тұр. Осы өтінімдерді қанағаттандыру мақсатында Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы   № 568 «Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысында көрсетілген тиісті рәсімдер сақтала отырып бекітілді.

            Қазіргі таңда, қаулы Әділет министрлігінде тіркелді, күшіне енген тиісті субсидиялар агроқұрылымдарға міндетті түрде төленетін болады).

Тұрақты

Облыстық ауылшаруа- шылығы басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу

Бүгінгі таңда мал шаруашылығы бойынша резервке тапсырылған құжаттар толығымен субсидиясы заң талаптарына сәйкес төлеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар Атакент кентінің тұрғыны Мұрсалиев Талғат заң талаптарына сәйкес тапсырылған құжаттарына толығымен мемлекет тарапынан тиесілі субсидиясын алды.

12

2021 жылы облыс аумағында тыңайтқыш тапшылығы орын алған болатын. Осы мәселені биылғы жылы қалай шешіледі?

(Мақтарал ауылдық округінің тұрғыны Боев Абдужалил)

            Заңға сәйкес, түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

            (Ағымдағы жылы тыңайтқыш тапшылығын болдырмау мақсатында, отандық тыңайтқыш өндіруші «ҚазАзот» АҚ-мен облыс ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қажетті аммиак селитрасын уақытылы және толық көлемде жеткізу туралы арнайы меморандум түзілді. Бүгінгі күнде облысқа «КазАзот» АҚ қоймасында 20,0 мың тонна минералды тыңайтқыштар сақтаулы).

Тұрақты

Түркістан облысының ауылшаруа-шылығы басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізу

«КазАзот» АҚ ның берген мәліметіне сәйкес 2022 жылдың қаңтар айынан бастап сәуір айына дейін Сарағаш қаласында орналасқан қоймады 20 мың тонна аммиак селитрасы сақтаулы болған алайда еш бір шаура қожалығы толық құнын (160160 теңге 1 тоннасы) төлеп сатып алмаған. Облыс әкімнің қаулысы нарықтағы бағаның тұрақсыз болуына байланысты 11 сәуір күні бекітіліп өтінім қабылдау 15 мамырда басталды. Осыған байланысты Түркістан облысы бойынша өтінім саны айлық өндірілетін аммиак селитрасынан асып кеткендіктен шаруаларға дер кезінде жеткізіп беруге мүмкіншілік болмай қалды. Осы аталған кемшілікті жою үшін шаруаларға ұсынарымыз жыл басынан бастап «КазАзот» АҚ тікелей келісім шарт түзіп толық құнын төлеп сатып алу жұмыстары жүргізсе, мамлекет тарапынан заң талаптарын сақтай отырып қажетті мөлшері субсидияланатын болады.

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

13

Мен Иіржар ауылының тұрғынымын, Біздің ауылдың ауыз құбырының тозығы жеткен? Қазіргі таңда ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары қашан аяқталып, ауыз су беріледі?

(Иіржар ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанқараев Бекбай)

 

            Аталған ауылда құрылыс жұмыстарын аяқтап, мерзімінде ауыз сумен қамтамасыз ету.

            (Мәселені шешу мақсатында, ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі тарапынан «Түркістан облысы Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округі, Иіржар елді мекені, ауыз су желілерін қайта жаңарту» нысанының ЖСҚ әзірленген. Аталған жобаның құрылысын бастау үшін 2021 жылы бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Жоба бойынша, жалпы ұзындығы 18,16 шқ. су құбырларын салу қарастырылған.       

            Нысан құрылысы 2022 жылға өтпелі.

            Аталған нысанның құрылысын аяқтауға 2022 жылы ұлттық қор есебінен 141 516 млн. теңге бөлінді.

            Нысанның құрылысы аяқталған соң,                      1737 халық ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады).

31.12.2022ж.

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Мердігер «СМУ «Бурводстрой» ЖШС-гі тарапынан ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы ағымдағы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға тапсырылады.

14

Мен Жамбыл ауылдық округінде тұрамын, біздің ауылға жаңадан қосылған көшелерге электр желісі жүргізілсе болар еді.

(Жамбыл ауылдық округі, Жамбыл елді мекенінің тұрығыны Нәлібаев Дәулетбай)

 

            Аталған ауылдық округтегі жаңадан қосылған көшелерге электр желілерін салу.

            (Жамбыл ауылдық округі,  Жамбыл, Кенесшіл, Жалын, Көкпарсай елді мекені жаңадан қосылған көшелерге КТП орнату және электр желілерін салу жұмыстарын бастау үшін 2022 жылға республикалық бюджеттен
100,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде).

2022-2023 жж.

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Мердігер «А.Мерей и К» ЖШС-гі тарапынан көшелерге КТП орнату және электр желілерін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

15

Мен Алаш ауылының тұрғынымын. Біздің ауылға газ қашан келеді? Сол жөнінде айтып өтсеңіз.

(Иіржар ауылдық округі, Алаш елді мекенінің тұрғыны Сағынбаев Мұхамеджан)

 

            Алаш ауылына биыл газ қосу мүмкіншілігін қарастыру.

            (Мақтаарал ауданы, Иіржар ауылдық округі, Алаш елді мекенінің газ құбырларының құрылысы 2021 жылы басталған. Мердігер мекеме «Сартөбе» ЖШС. Нысан 2022 жылы пайдалануға берілетін болады).

31.12.2022 ж.

Облыстық энергетика және
тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасы

Нысанның қабылдау актісі мен пайдалануға беру

Мердігер «Сартөбе» ЖШС-гі тарапынан газ жүйесін салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Басқа да сұрақтар

16

«ҚазСушар» РМК Мақтаарал өндірістік филиалының учаскелік жерлерін реформалау туралы.

(Мырзакент кентінің тұрғыны Хаметов Қасымбек)

            Көтерілген мәселелер бойынша тиісті ұсыныстар енгізу.

            (Қазіргі уақытта ИДЖЖ-2 жобасы аясында Мақтаарал өндірістік бөлімшесі (МӨБ) балансындағы каналдарды қайта жаңарту және қалпына келтіру (бетондау) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақтаарал ауданы аумағында МӨБ балансында 20 бірінші ретті каналдар (канал первого порядка) тармағымен және жеке тұлғаның балансында К-20 каналы бар. ИДЖЖ-2 жобасы аясында жоспарланған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, каналдарды күтіп устауға қажетті техника МӨБ балансына беріліп, қажетті жұмыстарды жүргізуге өз бетінше («Қазсушар» РМК ТФ келісімін немесе қажетті қаржысын күтпей) жоспарлауға мүмкіндік береді. Наурыз айынан бастап кейбір өндірістік учаскелердің тиімді жұмыс атқару үшін өндірістік учаскелерді біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Мақтаарал өндірістік бөлімшесі және Тік дренажды ұңғымаларды пайдалану бөлімшесін біріктіру жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда тұрған органдармен өндірістік учаскелерге заңды тұлға құқығын беру бойынша жұмыстар мен келіссөздер жүргізілуде. «Қазсушар» РМК ТФ Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің Мақтаарал ауданы бойынша 20 шаруашылық аралық каналға ағын су жеткізіп беру қызметін атқарады  және жеке тұлғаның балансында К-20-1 арнасы бар, ол әкімдік тарапынан кейбір құжаттардың толық рәсімдері аяқталғаннан кейін «Қазсушар» РМК балансына өтеді. ИДЖЖЖ-2 бағдарларамысы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қажетті арнайы техниканы Мақтаарал ӨБ балансына беру қарастырылған, ол арналардың жөндеу жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.)            

 

Түркістан облысының ауылшаруа-шылығы басқармасы

 

Мақтаарал ауданының әкімдігі

Учаскелік жерлерін реформалау

Қазіргі уақытта ИДЖЖ-2 жобасы аясында Мақтаарал өндірістік бөлімшесі (МӨБ) балансындағы каналдарды қайта жаңарту және қалпына келтіру (бетондау) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мақтаарал ауданы аумағында МӨБ балансында
20 бірінші ретті каналдар (канал первого порядка) тармағымен және жеке тұлғаның балансында К-20 каналы бар. ИДЖЖ-2 жобасы аясында жоспарланған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін, каналдарды күтіп устауға қажетті техника МӨБ балансына беріліп, қажетті жұмыстарды жүргізуге өз бетінше («Қазсушар» РМК ТФ келісімін немесе қажетті қаржысын күтпей) жоспарлауға мүмкіндік береді. Наурыз айынан бастап кейбір өндірістік учаскелердің тиімді жұмыс атқару үшін өндірістік учаскелерді біріктіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Мақтаарал өндірістік бөлімшесі және Тік дренажды ұңғымаларды пайдалану бөлімшесін біріктіру жоспарланған. Қазіргі таңда жоғарыда тұрған органдармен өндірістік учаскелерге заңды тұлға құқығын беру бойынша жұмыстар мен келіссөздер жүргізілуде. «Қазсушар» РМК ТФ Мақтаарал өндірістік бөлімшесінің Мақтаарал ауданы бойынша 20 шаруашылық аралық каналға ағын су жеткізіп беру қызметін атқарады  және жеке тұлғаның балансында К-20-1 арнасы бар, ол әкімдік тарапынан кейбір құжаттардың толық рәсімдері аяқталғаннан кейін «Қазсушар» РМК балансына өтеді. ИДЖЖЖ-2 бағдарларамысы бойынша жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін қажетті арнайы техниканы Мақтаарал ӨБ балансына беру қарастырылған, ол арналардың жөндеу жұмыстарын өз бетінше жоспарлауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

 

Пікір қалдырыңыз