Дауыс беретін учаскеңізді білесіз бе?

«5 маусымда ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум өтеді. Түркістан облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметтерді онлайн режимінде ала алады» деп хабарлайды. Облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету, архивтер басқармасының баспасөз қызметі.
Өңір тұрғындарының өзінің дауыс беру учаскесі туралы мәліметтерді нақты уақыт режимінде келесі арналар арқылы алуға мүмкіндіктері бар.
Облыс тұрғындарының «tur.saylaw.kz» сайлаушылар порталы және телеграм бот @tur-saylaw_bot мобильді қосымшасы арқылы дауыс беру учаскелерінің мекенжайы туралы толық ақпарат алуына болады.
914 дауыс беру учаскесінің ішінде 245 дауыс беру учаскелерінің жауапты мамандарына egov.kz порталы арқылы дауыс берушінің сол учаскелерге тиістілігін тексеру мүмкіндігі қарастырылған
Аталған порталда сайлаушының сайлау учаскесі бойынша (учаске нөмірі, мекенжайы, орналасқан ғимараты, 109 call байланыс орталығы) анықтама алуға мүмкіндігі бар.
Референдум бойынша 109 бірыңғай байланыс орталығының 11 операторы мен 8 инспекторына алдын-ала оқыту жұмыстары жүргізіліп, арнайы мәлімет базасы енгізілді. Қазірге дейін ақпарат алу мақсатында 200-ден аса тұрғын хабарласқан. Сондай-ақ, телеграм бот мобильді қосымшасын 349 218 рет қолданып, ЖСН арқылы 255 695 рет анықтау жүргізілген.
«109» КОЛЛ ОРТАЛЫҚ 24/7 РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары, сіздерді республикалық референдумға қатысып, конституциялық құқықтарыңызды пайдалануларыңызды сұраймыз, өйткені әр адамның даусы маңызды!