Өзекті мәселелер талқыланды

 Отан қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл толу мерекесі қарсаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде кеңейтілген семинар-кеңес өтті. Аталмыш шараға департамент ұжымымен келісімшартқа тұрған «Соғыс және радиациялық апаттарының мүгедектері», «Сайрам–Семей–Чернобыль», «Асар» қоғамдық ұйымдар бірлестіктерінің басшылары мен ардагерлері, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Шымкент қаласы филиалының өкілдері қатысты.

Баршаңызға мәлім, 2021 жылдың 25 ақпанында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде экономикалық және саяси реформалар, білім беру мен денсаулық сақтауды дамыту, цифрландыру, адамдардың құқықтарын қорғау, экологиялық проблемаларды шешу сияқты нақты шаралар мен бастамалардың 
5 негізгі блогы көрініс тапқан болатын. Осы шаралардың арасында мүгедектігі бар адамдар үшін тұрғын үй, әлеуметтік  және көлік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділікті қамтамасыз ету, ин-клюзивті қоғамдық ортаны қалыптастыру сияқты өзекті мәселелер аталған-ды.
Департамент басшысы Бақтияр Өнербаев семинар-кеңестің «Рухани жаңғыру», «Зейнетақы, жәрдемақыны арттыру және мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы қолдау» бағдарламалары аясындағы тапсырмаларды орындау және мониторинг жасау, бақылау және халық арасында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.
Мүгедектерге медициналық-әлеуметтік сараптаманы қолдау жөнінде қойылған сұрақтарға департамент басшысының орынбасары Төрехан Дәуітов жауап берді. Ал, зейнетақы мен жәр-
демақы көлемін көбейту жөніндегі сауалдарға департамент басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ержан Ергеш және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры  Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Сәуле Ахметова түсінік берді.
Семинар-кеңес соңында қоғамдық бірлестіктер басшылары бір топ ардагерге төсбелгілер мен Құрмет грамоталарын табыс етті.  

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.  

Пікір қалдырыңыз