Ту – рух пен жігердің қозғаушы күші

Отанды сүю деген сөз – оның әр түйір тасын, өзені мен көлін, орманы мен шөлін жан-тәніңмен сүйе білу деген сөз. Осындай шексіз махаббаттың, сүйіспеншілік пен адалдықтың тұмса тұнығынан ұлы туындылар өмірге келеді. Ұлттың мақтанышына, мемлекеттің нышанына айналған мұндай құнды дүние – көкте желбіреген көк байрағымыз. Бүгінгі әңгімеміздің арқауы Мемлекеттік Тудың авторы, қазақ халқының біртуар ұлы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
туралы болмақ.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бір сөзінде «...Шәкен Оңласынұлы жұмыстарын негізінен патриоттық тұрғыда жазды, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы болуы – тума талантымен қатар, Отанын шексіз сүйгендігі деп білеміз. Тәуелсіздігіміз баянды болған сайын Шәкен Оңласынұлының рухы халқымен бірге мәңгі өмір сүре бермек» деген болатын. Шәкен Ниязбеков тума таланты мен Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында елдігіміз бен тәуелсіздігімізді айғақтайтын, бүгінде әлем жұртшылығы анық танитын айшықты туындыны ұсына білді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес болып келеді.
Көкте желбіреген байрағымыз туралы Шәкен аға журналистердің «Мемлекеттік Тудың авторы болдыңыз деген хабарды естігенде, қандай сезімде болдыңыз?» деген сұрағына «Ең алдымен, Парламент бекіткен Тудың осы үлгісі халқымызға ұнай ма екен, халқымыздың таңдауына, талғамына сәйкес келе ме екен деген қобалжу сезімі басым болды. Бойымды біртүрлі қорқыныш сезімі билегендей күй кештім» деп жауап берген еді.
Шәкен Ниязбековтің жақын туысы болып келетін інісі, Түркістан қаласының тұрғыны, медицина ғылымдарының докторы Сайлаубек Шалқаров Шәкен ағаның Тудың дүниеге келген сәті туралы былай дейді: «Ағаның үйі бұрынғы Коммунистік даңғылы бойындағы «Қаракөз» кафесінің үшінші қабатында болатын. Алматыдағы жұмыс орнымды Түркістан қаласына ауыстырғанға дейін Шәкен ағамен жиі араласып тұрдым. Аға бір күні мені үйіне шақырып алып, Президент Әкімшілігінде Ербол Шаймерденов деген інішек Мемлекеттік Туды әзірлеу үшін конкурсқа түсуімді қалап отырғандығын айтты. Осылайша, конкурсқа қатысуға бел байлағанын жеткізді. «Мына жоба-сызбаларымды қарашы» деп салған бірнеше туындысын көрсетумен болды. Бір суреті бір суретінен артық салынғандай көрінеді. Шәкен аға бұл суреттер жайлы емес, қазақ тарихына ойысып кете бергені есімде. Күнде үйіне шақырады. Әр салған жобалары күннен-күнге өзгеше болып шығады. Суреттерінде жалпы тарих баяндалады. Мен соны көріп білгендей болдым. Күніге пікірін тыңдату үшін шақырады. Мен қарсы болмаймын. Барамын. Көп ұзамай көк тудың нағыз нұсқасы дүниеге келді. Сондағы ағаның жүзіндегі қуанышты айтып жеткізудің өзі бір бақыт екен!».
Қазақстандық патриотизм – бұл мемлекетіміздің рухы. Көрнекті тұлғаның бірегей туындысы саналатын Туымызды ел тізгінін ұстаған азаматтар сүйіп, халық алдында ант береді. Қастерлеп, айрықша бағалайды. Жігер мен намысқа арқа сүйеп, биік тұғырдан көрінген спорт саңлақтарымыз жаһанды жалт қаратқан сәтте көк байрағымыз желбірейді. Патриотизм – идеологиямыз бастау алатын күш-қуат көзі болса, Мемлекеттік Туымыз – рух пен жігердің қозғаушы күші іспетті.
Тағы бір айта кететін дүние – Қазақстанға айбар мен қайрат беріп тұрған үш терек бар. Үш терек деп отырғанымыз – Ту, Елтаңба және Әнұран. Бұл үшеуін біріктіретін байланыстың элементтері дара һәм еркін. Олар органикалық жағынан біртұтас. Олар рухани сұлулықтың, әділеттілік пен сабырлылықтың бейнесін білдіріп, бір-бірін үйлесімді толықтырып тұр. Оған Шәкен Оңла-сынұлының қосқан үлесі ұшан-теңіз.
 
Ғалымжан МЫРЗАЛЫ,
Леңгір қаласындағы №6 мектеп директоры, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Төлеби ауданы.




1 пікір

  • Sarah Sliverman
    Sarah Sliverman

    FINALLY I GOT MY LOST BITCOIN BACK ALL THANKS TO LOST RECOVERY-MASTERS Hello people, I am Sarah Silverman an Actress from Independent films in the USA. I highly recommend the service of Lost Recovery Masters to everyone who wishes to recover lost money either bitcoin or other cryptocurrencies from these online scammers, wallet hackers, or if you ever sent bitcoins to the wrong wallet address. I was able to recover my lost bitcoins from online swindlers in less than 24 hours after contacting them. They are the best professional hackers out there and I’m truly thankful for their help in recovering all I lost. If you need their service too, here is their contact information. Email: Support@lostrecoverymasters.com Website https://lostrecoverymasters.com/

Пікір қалдырыңыз