НЕГІЗГІ МІНДЕТ – БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

Шымкенттегі Орталық Азия инновациялық университетінің «Жаратылыстану-техникалық» факультетіне қарасты «Техника және ақпараттандыру» кафедрасы инновациялық білім беру технологияларын дамытумен қатар жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу арқылы сапалы білім беруді қамтамасыз етеді.
2007-2008 оқу жылында Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетімен бірігуіне байланысты оқу орнында мамандықтардың лицензиялары жаңартылып, оның негізгі бөлігі техникалық-жаратылыстану пәндер кафедрасында дайындалды. 2008-2009 оқу жылында кафедра «Есептеу техникасы және стандарттау, сертификаттау» кафедрасы болып өзгертіліп, 2018-2019 оқу жылында білім беру бағдарламаларының жаңаруына байланысты «Техника және ақпараттандыру» кафедрасы болып қайта жаңартылды. Білім алушылар кафедрада педагогикалық, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, стандарттау және сертификаттау бағыттары бойынша бірнеше мамандықты игереді.
Қазіргі таңда кафедра:
6В01509 – Математика;
6В01506 – Математика-Информатика;
6В01507 – Физика-Информатика;
6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау;
6В06106 – Компьютерлік ғылымдар;
6В06102 – Ақпараттық жүйелер;
6В06103 – Есептеу техникасы және бағдарламлық қамтамасыз ету;
6В06104 – Информатика;
6В07501 – Стандарттау және сертификаттау мамандықтары бойынша мамандар дайындау жұмысын жалғастыруда. 
Кафедрада ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, магистрлер, аға оқытушылар – отызға жуық ғылыми-педагогикалық құрам болашақ педагогтарды заманауи білім нәрімен сусындатып отыр.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағытында білім алушылар қолданбалы қосымшалар мен компьютерлік жүйелерді түсінетін, IT-инновациялық технологияларды меңгерген, практикалық дағдылары мен көшбасшылық қасиеттері бар, ақпараттық технологиялардың теориялық және математикалық перспективалары тұрғысынан жұмыс істей алатын, қазіргі заманғы технологиялық қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандықтарды игеріп шығады.
«Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасы еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қазіргі заманғы талаптарына жауап беретін, тауар өндірушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, индустриялық-инновациялық проблемаларды шеше алатын, халықаралық стандарттар деңгейінде тиімді жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауды көздейді. Ал, педагогикалық бағыт бойынша кафедрада физика, математика, информатика білім беру бағдарламалары бойынша кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті, жоғары білікті, көшбасшылық қасиеттерге ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана алатын, оқу үдерісін заман талабына сай ұйымдастыра білетін физика, математика және информатика мамандықтары бойынша бəсекеге қабілетті жаңа форматтағы мұғалімдер даярланады.
Кафедра жыл сайын оқытудың техникалық құралдарымен толықтырылып отырады. Сонымен қатар студенттерге университеттің компьютерлік  орталығымен жұмыс істеуге мүмкіндік жасалған. 

Д.ЖҮСІПОВ

1 пікір

  • Жаксылыков Ержан
    Жаксылыков Ержан

    Өте жақсы, керемет білім ордасы

Пікір қалдырыңыз