Кенесары – қазақтың соңғы ханы

Кенесары Қасымұлы қазақ тарихында аты алтын әріппен жазылған даңқты қолбасшы, қазақ халқының 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі екенін бәріміз білеміз. 1802-1847 жылдары ғұмыр кешкен ол Қазақ хандығының соңғы ханы, атақты Шыңғыс қағанның ұрпағы және Абылай ханның немересі болып саналады.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қазақтардың патша өкіметіне қарсы барынша бұқаралық сипат алған және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. Кенесары Қасымұлы
1837 жылдың желтоқсанында бірнеше рет дипломатиялық қадам жасай отырып, I Николай патшаға хат жолдап, тиісті талаптар қояды. Алайда, заңды талап-тілегі орындалмай, өтініші аяқасты болып, елі мен жерінің тұтастығына қауіп төнгендіктен, тұлпар мініп, ту ұстап, қол бастайды. Сақа саясаткер әрі шебер әскери қолбасшы ретінде ол әскери қақтығысқа жан-жақты дайындалған. Соның арқасында Кенесары хан 20 мың сарбаздан тұратын жауынгерлік қабілеті мығым әскер жасақтай алды. 1841 жылы қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан болып сайланады. Бұл патша өкіметі үшін жағымсыз жаңалық болғаны анық. Ал, Кенесары хан болса, 1844-1845 жылдары ұлт- азаттық күресті табысты жүргізу үшін бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрып, оған өзі басшылық жасайды.
Кенесары хан – жеке басының қамынан елдің мүддесін жоғары қойған, талай қиын түйінді тапқырлығымен шешкен, сатқындыққа, әділетсіздікке жол бермеген тарихи тұлға. Ол азаттық үшін шайқаста қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап еткен. Алайда, патша өкіметімен құпия байланыста болған қырғыз манаптары оған мойынсұнбайды. Кенесары хан оларға шабуыл жасайды. Өкінішке қарай, өз жақтастарының опасыздығынан Кенесары мен Наурызбай дұшпан қолына түсіп, қазақтың соңғы ханы 1847 жылы Қырғызстанның Жетіжал жотасының оңтүстік алабындағы Көкілік-Cеңгір аңғарында ажал құшады. Жаулары оның басын кесіп алып, патша билігіне тапсырады. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес жеңіліс тапқанымен, ханның өзі қазақ халқының есінде, ұлт тарихында табанды қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде мәңгілікке сақталып қалды. Хан билігі сол заманда іс жүзінде жойылғанымен, ол үш жүздің басын біріктіріп, мемлекеттікті қалыптастыра алды. Сол себепті Кенесары Қасымұлының өмірі мен қазаққа қылған қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге болады деп сеніммен айта аламыз.
Айта кетейік, биыл патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен ең ірі ұлт-азаттық көтерілісінің ұйымдастырушысы әрі қолбасшысы, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының туғанына 220 жыл толып отыр. Осыған орай Шымкенттегі республикалық «Жас ұлан» мектебінің кітапханашылары «Кенесары Қасымұлы – қазақтың соңғы ханы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, әскери қызметкерлер мен жас жауынгерлердің назарына ұсынды. Бұл даңқты бабамыздың өмірі мен қызметін бүгінгі ұрпаққа дәріптеуге қосқан тамшыдай үлесіміз деп білеміз.
Айкен ОСПАНҚҰЛОВА, Шымкент республикалық
«Жас ұлан» мектебінің қызметкері.
Толеугазы жибек мерейкызы
Казактын ен сонгы хан кiм?Жауабы: Кенесары хан ол казактын ен сонгы ханы.
Айару Әлиакбар
Көп мәлімет алдым кереметт
Айару
Керемет,көп мәлімет алдым
Сезім
Тамаша жақсы болды
Сезім
тамаша
Сезім
Жақсы
Нұрай
Рахметт????????????????????????????????????
Тоқтасын Бибінұр
Менің ойымша Кенесары хан ең соңғы ханның бірі болып саналады.
Қойее
Қойее
Али
Бул шагармада КП малiмет алдым рахмет ❤