Киелілер кесенесі
Аман ЖАЙЫМБЕТОВ, «Ońtústik Qazaqstan».
Шымкенттен Сарыағашқа қарай шықсаңыз киелі Қазығұрт аумағындағы Сарапхана елді мекенінің оң қапталындағы төбедегі әйдік көрініс сонадайдан көз тартады. Ары-бері ағылған жолаушыларға өз биігінен қарап тұрған Жалаңтөс баһадүр мен Салқам Жәңгір ханның ат үстіндегі айбарлы көрінісі, ол екеуінен сәл әріректегі үш бидің ой үстіндегі отырыстары, асқан шеберлікпен жасалған аналар монументі, жағалай егілген жасыл шыршалар өзара үйлесім тапқандай. Бұл әсем көріністі таяуда ашылған «Бекет ата киелілер кесенесі» тіпті ажарландыра түсті. Міне, осылайша, есімі елге кеңінен таныс қоғам қайраткері, заң ғылымдарының докторы, руханият жанашыры Бекет Тұрғараевтың бастамасымен бой көтерген «Бабалар рухына тағзым» кешені тағы бір еңселі ескерткішпен толықты.
Пір Бекет Мырзағұлұлының 270 жылдығына орай салынған кесененің ашылу салтанатына алыс-жақыннан ат арытып келген қонақтар алдымен жаңа нысанның жанына отырғызылған көшеттердің түбіне топырақ салды. Бұл кешенге еліміздің белгілі тұлғалары, өнер қайраткерлері, аты күллі алашқа мәлім ақын-жазушылардың да қолтаңбасы қалған. Исі қазақтың игі жақсылары бас қосатын киелі мекенді салдырған Бекет Тұрғараұлы көпшілік алдында көсіле сөйледі. «2010 жылы зейнеткерлікке шықтым. Сол жылы Бекет атаның 260 жылдығы болды. Ол Жетісайда басталып, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жалғасып, Маңғыстауда қорытындыланды. Оған біз осындағы Әбдірахмен Омбаев, Ұлықпан Бәшенов үшеуміз бардық. Алқалы жиында Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының атынан сөйледім. Батыстағы бауырлардың Пір Бекет атаға деген құрметі бөлек, маған дейін сөйлегендердің сөзі ерекше әсер етті. Ұлы Бабаның асын Шымкентте өткізуге ниетті екенімізді, себебі суфизмнің атасы Қожа Ахмет Ясауи оңтүстікте болса, сол ілімді насихаттауда Бекет атамыздың зор үлесі бар. Мұндай ұлы есімдерді ұлықтау тек Маңғыстау, Атырау облыстарымен шектеліп қалмай, Қазақстанның барлық жерінде, оның ішінде әсіресе оңтүстікте кеңінен насихатталуы керек екенін айттым. Содан көп ұзамай Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы театрда ғылыми-практикалық конференция өткізіп, Арман мейрамханасында ас бердік. Ол жиынға Әзілхан Нұршайықов, Серік Қирабаев, Өмірзақ Озғанбаев, Нариман Үлкенбаев, Төкен Танаұлы, облыс әкімі Асқар Мырзахметов, тағы басқа да есімдері елге кеңінен таныс ақын-жазушылар, ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тұғыры биік тұлғалар қатысты. Атыраудағы Ақ мешіттің имамы Ислам қажы Мырзабекұлы оның алдында Бекет ата жайлы толымды деректер, қалың кітаптар берген еді, соны негізге алып ғылыми конференция өткіздік. «Ел иесі, жер иесі Пір Бекет» деген атпен айшықталған алқалы жиын жоғары деңгейде өтті. Міне, соның заңды жалғасы ретінде біз «Бекет Ата киелілер кесенесін» ашып отырмыз».
Кесенеде осы өңірдегі әулие-әмбиелер мен киелі өңірлер жайлы кең мағлұматтар қамтылған. Аты аңызға айналған әулиелер мен киелі орындардың суреттері кесене қабырғасына салынған. Бойы көк тіреген биік кесенені салып, ел игілігіне пайдалануға берген Бекет Тұрғараевқа Пір Бекет Мырзағұлұлының осы өңірдегі ұрпақтары алғыс айтып, құрмет көрсетті. Алқалы жиынды жүргізген жетісайлық Әбдіғаппар Исаев іс-шараның мазмұнына тоқталғаннан кейін, ширек ғасырдан бері Бекет атаның Ақ мешітінде имамдық етіп, ата жайлы көптеген жинақтарды құрастырған Ислам қажы Мырзабекұлы киелі кесенеге Бекет атаның аса таяғының көшірмесін табыстады. Ата ұрпақтары игі істердің ұйытқысы болып, елді ынтымақ-бірлікке бастап жүрген руханият жанашыры Бекет Тұрғараевқа ақ боз ат мінгізді. Әр нәрсені тереңнен толғап, әріден ойлайтын Бекет Тұрғараұлы алыс-жақыннан арнайы келіп, сый-құрмет көрсетіп жатқан ағайындарға ризашылығын білдіріп, өзіне тарту етілген ақ боз атты осындай істердің бастамашысы болып жүрген атыраулық ағамыз, жомарт жүректі азамат, есімін ел құрметпен атайтын меценат Төкен Танаұлына атады. Осылайша ағайындық алыс-беріс пен берекелі барыс-келістің, шынайы сыйластықтың озық үлгісіне куә болған көпшілік сол күні аталар әруағына арналып жайылған кең дастарқаннан дәм татты. Алыстан ат арытып келген ақтаулық жырау, Маңғыстау аудандық мәдениет үйінің директоры Ақылбек Өтешов жырдан шашу шашса, «Қазақстан» республикалық телерадио кешені акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалының директоры, ақын Әнуар Бимағамбет жүрекжарды сөздерін айтты. Сондай-ақ, Бекет ата мәңгілік дамыл тапқан Оғыландыдағы мешіттен келген Тұрғанбай Сәулеев пен атаның Атыраудағы «Ақ мешітінің» имамы Ислам қажы Мырзабекұлы және маңғыстаулық меценаттар, облыстық мәслихат депутаты, мұнайшы кәсіпкер Ахмет Салманов, облыстық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, «Жанарыс» фабрикасының директоры Жаңбырбай Дәрменов, облыстық мәслихат депутаты, «Forte bank»-тің Маңғыстау облыстық филиалының директоры Абат Өрісбаев, облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Аят Сүгірбай, заңгер, қоғам белсендісі, өлкетанушы, репрессия құрбандарын ақтау комиссиясы төрағасы Нұржігіт Хайруллаев, Ақтөбе облысынан белгілі кәсіпкер Жанат Айтмағанбетов, Темір баба мешітінің шырақшысы Қашқынбай Мұратәлиев, жеке кәсіпкерлер Жұлдызбай Қосмағанбетов пен Елдос Таушанов тағы басқа да қонақтар келді.
Алқалы іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан жергілікті азаматтар, суландыру саласының білгір маманы, ұзақ жыл басшылық қызметтер атқарып зейнет демалысына шыққан Сембай Сейсенов, белгілі кәсіпкерлер мен ел ағалары Мұрат Бабаев, Александр Атантаев, Нұрділлә Қалиисаев, Есқыдыр Чунетов, Әбдіқадыр Байнұров, Мұрат Сармолдаев, Сламбек Мергенбаев, Жолдас Райымқұлов, Базарбай Тілеуімбетов, Мұрат Нұрпейісов, Тағайбек Шәкібайұлы, Кетебай кооперативінің төрағасы Сәду Бекенов, Құрмет белгісінің иегері Өмірхан Қозыбақ, білім саласының ардагері Аман Мединаев, білікті заңгер Амангелді Әлекешов, Түркістан облыстық прокуратурасы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіраман Аққұловтардың есімін ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, Сарыағаштан Рахымберді Оспанов ағамыз да арнайы келіп, ақ батасын берді. Түркістан қаласы мен Келес, Ордабасы, Мақтаарал, Жетісай, Түлкібас, Қазығұрт ауданынан да қонақтар қатысты.
Міне, осылайша өскелең жастар үшін өнеге боларлық, елді ынтымақ пен бірлікке бастайтын шараның өскелең ұрпақ үшін берер ғибраты мол болды.
Ахлима Құрмашқызы
Видеоны көріп толқыдым .Ойымды қорыта алмадым .Соңынан фейк жалған дегенде ,өзіме келгендеймін.
Ахлима Құрмашқызы
Өлі разы болмай ,тірі байымас
Айткалиева Алма Кабышевна
Жетим жесир балаларга уй алып бергенде, типти керемет болар еди. Бул менин жеке пикирим.
Зейнеткер Серікбаева Әлия
кесене салғанша байлар елдегі баспанасы жоқ кедей отбасыларға үй салмайма жарлы көп балалы жәрдемге мұқтаждарға жәрдем берсе нұр үстіне нұр болар еді
Ербол
Ұлту Хамитқызы деген кім мүсінде жазылған
Нариман
Кеше жазған пікірім бүгін жоқ
Анепия Тұрабаева
Дұрыс та шығар өз жеріміздің өз ұлылардың құрметтеп үйрену керек шығар Арабтарды айтып басқа жаққа бұрмай өз тіліміхді дінімізді насихаттау дұрыс деп ойлаймын тек екі адамға емес әуелі Аллаға сосын ата анаға сонан соң өзіңнен үлкендерге бас иіп иманды ибалы болу керек қой басу керек әуелі
КАлимолла
Шынында мынау маскарагои аулиелердин атын жамылып ишиндеги еки кабирге жашикке кимди жерлеиди екен
Раушан апа
Бұл қып --қызыл астамшылдық осыны мақтанышпен айтып , жазып отырғандар қып -- қызыл ақымақтар !!! Меценаттар , сыбайлас жемқорлар , оларда ХАЛЫҚТЫҢ есебінен ебін тауып байып алған әккі қасқыр лар мен қу түлкілер , ақын жазушылар да алаяқ болып кеткен , халықтың емес байлардың артында ж үш реді. НЕ берер екендеп , бұрынғылардың СҰМ заман дегені осы заман бабадарды сылтау етіп ашып - шашып , ішіп жеп біреулердің шаш етектен пайда көруі мектебі жоқ жерге мектеп бала бақша сал жағдайы жоқ таланнтты баланы оқыт, жетімдерге үй салып бер тозып кеткен ауыл аймағыңды көркейт , суы жоқ жерді суландыру , газы жоқ жерді газдандыру , , толып жатыр , міне нағыз сауапты іс тіршілікке тағзым ету . айтпақшы ең маңызды сауапты іс жол салу екен , меценаттар ақшаң асып -- тасып сыймай барма өз өңіріңнің туған жеріңнің жолын жаса , мәдениет үйін салып бер , интернат мектеп сал
Асель
Преклоняться надо только перед Аллахом!