«ЕЛБАСЫ – ЕЛІМНІҢ ТІРЕГІ» мерекелік кеші өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Түркістан қаласындағы «Farab» кітапханасында «Елбасы – елімнің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиынға келушілер алдымен «Елбасы және Ұлы дала мұрасы» тақырыбындағы көрмені тамашалады.  Көрмеге Тұңғыш Президенттің қызметтік жолы, Түркістанға келген іссапарлары, шетел басшыларымен кездесулерінен суреттер қойылған.

 

Салтанатты жиын LED экран арқылы Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаты туралы деректі туындыны тамашалаудан басталды. Осыдан кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов жұртшылықты мерекемен құттықтап, Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанды қалыптастырудағы роліне тоқталды.

 

-- Тәуелсіздік алған 30 жылда мемлекетімізді дамытуда Елбасымыздың еңбегі ерен. Қасымызда алпауыт державалар тұр, солармен келісімге келе отырып еліміздің шекарасын бекіту деген -- үлкен жұмыс. Тәуелсіздіктің арқасында тіліміз, дініміз, мәдениетіміз тұғырына қонды. Тәуелсіздікті жариялаумен мәселе шешілмейді. Оны сақтау қажет. Әлемде 5 мыңдай тіл, яғни, 5 мың ұлт бар. Солардың небәрі 200-ден астамында ғана мемекет бар. Сондықтан тұрақтылықты сақтауда, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасы еңбегі айтылуы тиіс. Тұңғыш Президенттің тікелей қолдауымен Түркістанымыз қалай өзгергенін қоғам көріп-біліп отыр», – деді ол.

 

Тәуелсіздік жылдары еліміз тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде ғаламат табыстарға қол жеткізді. Осы әрбір жетістіктің артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың еңбегі тұр. Рашид Аюпов Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, ел үшін тынымсыз еңбек еткен бір топ азаматты Түркістан облысы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады. Олардың арасында дәрігер, ауыл әкімі, полиция, жаттықтырушы, әлеуметтік қызметкер, кәсіпкер секілді түрлі саланың өкілдері бар.  



"Оңтүстік-ақпарат".

 

1 пікір

  • Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS
    Passports, Visas, Driver's License, ID CARDS

    Government Database System..Email ( lifiben@gmail.com ) We Produce Passports,Drivers Licenses,ID Cards,Birth Certificates,Diplomas,Visas,SSN,Marriage Certificates,Divorce Papers,US Green Cards,University Degrees,Counterfeit Money,SSD Chemical Solution And Activation Banknotes dollar / euro Pounds Powder Used For Cleaning Coated Black Money, And Other Documents Cloned cards, Resident fullz and dumps For A Number Of Countries Email ( lifiben@gmail.com ) TEXT/CALL/WHATSAPP: 951-254-2452 https://clean-documents.com

Пікір қалдырыңыз